Тікелей мәзір деген не?
ТД қарап отырғанда түймесін басыңыз. Смарт қашықтан басқару құралын ТД экранының оң жағына жылжыту арқылы Тікелей мәзір функциясын таңдауға болады.
| Ұсынылған | Бұл функция көмегімен сол сәтте эфирде беріліп жатқан бағдарлама мәліметтерін тексеруге және танымалдығы мен пайдаланушы журналының негізінде ұсыныстар алуға болады.
Бұл функцияны пайдаланбастан бұрын желі байланысын тексеріңіз. |
| Бағдарламалар | Басқа бағдарламаларда көрсетіліп жатқан мазмұнды көрсетеді. Бағдарламалар тізімінде көрсетілген бағдарламаларды хабар тарататын қызмет провайдері ұсынады. Қызмет провайдері бағдарламаларды ескертусіз өзгертсе, нақты ТД бағдарламалары олардан басқаша болуы мүмкін. Бағдарламалар тізімінде көрсетілген бағдарлама туралы ақпаратта сыртқы EPG (Электрондық бағдарламалар кестесі) ұсынған ақпарат болғандықтан нақты телебағдарламалар олардан басқаша болуы мүмкін. Бағдарламаларды сандық теледидар ресиверінде түзететін болсаңыз, телебағдарламалар мен сандық теледидар ресиверінің бағдарлама туралы ақпараты бірдей болмауы мүмкін. |
| Іздеу | LG Store қызметі, оның ішінде Live TV, ТД шоулары, Фильмдер, 3D суреті, Қосымшалар мен ойындар және т.б. арқылы берілген түрлі мазмұнды іздеуге және тамашалауға болады.
Бұл функцияны пайдаланбастан бұрын желі байланысын тексеріңіз. |
| Recorded (Жазылған) | Жазылған мазмұнның тізімін көруге және оны ойнатуға болады. Уақыт машинасы арқылы жазылған мазмұн автоматты түрде синхрондалып, көрсетіледі. |
Опциялар модельге немесе елге байланысты ерекшеленуі мүмкін.