Product

Ақауларды жою - LG xboom Power9000 High Power Speaker System

Егер өнімді пайдалану кезінде келесі белгілерді байқасаңыз, оларды қайта тексеріңіз. Олар ақаулар болмауы мүмкін.

Белгі

Себебі және шешімі

Өнім дұрыс жұмыс істемейді.

  • • Қуат кабельдерін және теледидар,сабвуфер немесе күшейткіш сияқты кез келген сыртқы құрылғыларды өнімнен ажыратыңыз, содан кейін оларды қайта жалғаңыз.

Қуат қосылмайды.

  • • Қуат сымы розеткаға дұрыс жалғанған ба?
  • - Қуат ашасын розеткаға дұрыс қосыңыз.

Дыбыс жоқ немесе бұрмаланған.

  • • Өнімнің дыбыс деңгейі немесе қосылған Bluetooth құрылғысы ең аз шамаға орнатылған болуы мүмкін. Өнімнің немесе қосылған Bluetooth құрылғысының дыбыс деңгейін сәйкес деңгейге реттеңіз.
  • • Максималды дыбыстағы сыртқы құрылғыны пайдалану дыбысты бұзуы мүмкін. Пайдалану үшін сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін төмендетіңіз.

Радиостанцияларды баптау мүмкін емес.

  • • Антенна жаман орналасқан.
  • • Антенна жақсы қабылдайтындай орнын өзгертіңіз.
  • • Радиостанцияның сигналы тым әлсіз.
  • • Станцияны қолмен баптаңыз.
  • • Алдын ала бапталған станция жоқ не ондай станциялар өшiрiлген (алдын ала бапталған арналарды қарап шығу арқылы баптаған кезде). Радиостанцияларды алдын ала орнатыңыз. (14-беттегі [ "Радиостанцияларды алды ала реттеу" бөлімін қараңыз.)

USB сақтау құрылғысы танылмады.

  • • Өнім USB сақтау құрылғысының файлдық жүйесін қолдамауы мүмкін. USB сақтау құрылғысын пішімдеп, оны қайта қосыңыз. Пішімдеген кезде, өнімде қолжетімді қолдау көрсетілетін USB сақтау құрылғысының пішімін тексеріп, сәйкес файлдық жүйені таңдаңыз. (36-беттегі [ "Өнімді USB сақтау құрылғысына қосу" бөлімін қараңыз.)

Bluetooth құрылғысына қосылу сәтсіз аяқталды.

  • • Bluetooth параметрінің қосылғаны не қосылмағанын тексеріңіз.
  • • Bluetooth құрылғысындағы Bluetooth параметрін өшіріп, қайта қосыңыз.
  • • Өнім мен Bluetooth құрылғысының арасында кедергілердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
  • • Bluetooth жұптастыру (қосу) процесі Bluetooth құрылғысының түрі мен айналадағы ортаға байланысты орындалмауы мүмкін.

Өнім қалыпты жұмыс істемейді.

  • • Осы өнімді температура мен ылғалдылық деңгейі тым жоғары немесе төмен емес жерде пайдаланыңыз. Егер мәселе шешілмесе, LG Electronics компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Жоғарыдағы шешімдер жұмыс істемейді.

Өнімнің ақауы туралы есеп бермес бұрын