LG ThinQ қолданбасын орнату және өнімді тіркеу
Тұрмыстық техникаңызды кез келген уақытта, кез келген жерде LG ThinQ қолданбасы арқылы басқаруға болады.
QR коды жоқ өнім
- a Смартфоныңызда Google Play немесе App Store дүкеніне өтіп, LG ThinQ қолданбасын орнату үшін оны іздеңіз.
- b LG ThinQ қолданбасын іске қосып, тіркелгіңіз арқылы қолданбаға кіріңіз. Тіркелгіңіз болмаса, жаңасын жасауға да болады.
- c Өніміңізді тіркеу үшін қосу (o) түймесін басып, LG ThinQ қолданбасындағы нұсқауларды орындаңыз.
QR коды бар өнім
Өнімнің төменгі жағындағы QR кодты смартфон камерасымен немесе a QR кодты сканерлеу қолданбасы көмегімен сканерлеңіз.

|

|
|
Ескертпе
|
- • QR коды сатып алу кезінде қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
- • Өнімге байланысты QR код бекітілетін орын әртүрлі болуы мүмкін.
- • Settings (Параметрлер) мәзірінің элементтері смартфонның өндірушісі мен операциялық жүйесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
- • Google, Android, Google Play, Google Home және Google Cast — Google LLC компаниясының сауда белгілері.
- • Роутер құпиясөзінде кейбір арнайы таңбалар (мысалы, ` ' " + / \ ; : - _ ^ & () <>) немесе эмотикондар болса, дыбыс тақтасы қосылмаған болуы мүмкін. Ағылшын әріптері мен сандар тіркесімін пайдаланып, құпиясөз орнатқан жөн.
- • Сымсыз роутердің қауіпсіздік түрін WPA2 нұсқасына орнату ұсынылады.
|