Кадр пішімін реттеу
Параметрлер СУРЕТ Кадр пішімі
Экранның кадр пішімін таңдайды.
| 16:9 | Кескіндердің өлшемін экран еніне сай болатындай өзгертеді. |
| Тек қарап шығу | Бейне кескіндерді бастапқы өлшемінде сурет жиегінің бөліктерін жоймастан көрсетеді.
|
| Бастапқы | Кең экранды сигналды қабылдағанда, теледидар таратылатын сурет пішіміне автоматты түрде ауысады. |
| Толық кеңейту | Кең экранды сигналды қабылдағанда, теледидар суретті көлденеңінен немесе тігінен, сызықтық пропорциямен, бүкіл экранды толтыру үшін реттейді. 4:3 және 14:9 бейнесіне толық экранды режимде DTV кірісі арқылы ешбір бұрмаланусыз қолдау көрсетіледі.
|
| 4:3 | Кескіндердің өлшемін алдыңғы 4:3 стандартына өзгертеді. |
| 14:9 | 14:9 сурет пішімін немесе 14:9 режиміндегі жалпы теледидар бағдарламасын көруге болады. 14:9 экраны 4:3 экраны сияқты көрінеді, бірақ жоғары және төмен жылжиды. |
| Масштабтау | Экран еніне шақтау үшін сурет өлшемін өзгертеді. Кескіндердің жоғарғы және төменгі бөліктері кесілуі мүмкін. |
| Фильм ұлғайту | Суретті дұрыс пропорцияда үлкейту керек болғанда, «Фильм ұлғайту» параметрін таңдаңыз. |
Сыртқы құрылғыны көріп жатқанда, мына жағдайлар кескін қалдығына себеп болуы мүмкін:
- тұрақты жазуы бар (мысалы желі атауы) бейне
- ұзақ уақыт бойы 4 : 3 кадр пішімінде көру.
Қол жетімді сурет өлшемі кіріс сигналға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
[2160p сигналын қолдайтын үлгілерде] 2160p сигналы қабылданғанда немесе компьютер ажыратымдылығы 3840 x 2160 мәніне қойылғанда, Кадр пішімі параметрі Тек қарап шығу мәніне бекітіледі.