Сурет шеберімен суреттерді реттеу
Параметрлер СУРЕТ Сурет шебері III
Қымбат өрнек құрылғыларынсыз немесе маманның көмегінсіз оңтайлы сурет сапасын калибрлеу және реттеу үшін қашықтан басқару құралын пайдаланыңыз және Сурет шеберінің нұсқауларын орындаңыз.
Оңтайлы сурет сапасын алу үшін нұсқауларды орындаңыз.
Сурет режимін таңдау
Параметрлер СУРЕТ Сурет режимі
Көру ортасына немесе бағдарламаға оңтайландырылған сурет режимін таңдайды.
| Шынайы | Шынайы кескіндерді көрсету үшін контрастты, жарықтықты және анықтықты арттырады. |
| Стандартты | Кескіндерді стандартты контраст, жарықтық және анықтық деңгейлерімен көрсетеді. |
| Eco / APS | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] ECO / APS (Автоматты қуат үнемдеу) режимі күңгірттенуді басқару арқылы қуаттың тұтынылуын азайтады. |
Кинотеатр / Кинотеатр |
[ Кинотеатр: үлгіге байланысты]фильм үшін оңтайлы суретті көрсетеді. |
| Спорт / Футбол | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір елдерде қол жетімді.] Спорт үшін оңтайландырылған сурет. Алаң мен спорттық киімдер жанды түсте, тіпті қозғалғанның өзінде таза мөлдір суреттермен көрсетіледі. |
| Ойын | Ойын үшін оңтайлы суретті көрсетеді. |
| Фото | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Оңтайлы фотоны (қозғалыссыз кескін) көрсетеді. |
Маман |
Мамандарға және әуесқойларға ең жақсы теледидар көрінісін пайдалануға мүмкіндік беретін сурет сапасын реттеуге арналған мәзір. Бұл мәзір ISF-куәліктендірілген және суретті реттеу мамандары үшін қамтамасыз етілген. (ISF логотипін тек ISF куәліктендірілген теледидарларда пайдалануға болады.) ISFccc: кескіндер ғылымы қоры куәліктендірген калибрлеуді бақылау |
Кіріс сигналына байланысты сурет режимдерінің қол жетімді ауқымы әр түрлі болуы мүмкін.
Маман режимі суретті реттеу мамандарының нақты кескінді пайдаланып басқаруы мен дәл реттеуіне арналған. Қалыпты кескіндер үшін әсерлер күшті айтарлықтай болмауы мүмкін.
Cертификация — кәсіпқойлар да, тұтынушылар да мойындайтын жалғыз өнімділік критерийі. THX сертификаты берілген теледидар сыныптағы ең жақсы сурет сапасын және бейнефильм тәжірибесін, фильм жасайтын студиядағы тамаша анықтықпен және толық мәліметтермен қамтамасыз ететініне көз жеткізу үшін 400-ден астам сынақтан өтеді. Сурет режимін дәл реттеу
Параметрлер СУРЕТ OLED жарығы немесе Артқы жарық немесе Тақта шамы / Контраст / Жарықтық / Айқындылық / Түсі / Реңкі / Түс темп-ы.
Алдымен қажетті Сурет режимі параметрін таңдаңыз.
| OLED жарығы | ![]() OLED панелінің жарықтығын өзгерту арқылы дисплей жарықтығын реттейді. |
| Backlight | ![]() Артқы жарық деңгейін реттеу арқылы экран жарықтығын реттейді. 100 мәніне жақынырақ болуы экранның жарығырақ екенін білдіреді. |
| Панель жарығы | ![]() PDP панелінің жарықтығын өзгерту арқылы экран жарықтығын реттейді. |
| Контраст | Суреттің ашық бөліктері мен күңгірт бөліктері арасындағы айырмашылықты басқару үшін контраст деңгейін реттейді. 100 мәніне жақынырақ болуы айырмашылықтың үлкендігін білдіреді. |
| Жарықтық | Экранның жалпы жарықтығын реттейді. 100 мәніне жақынырақ болуы экранның жарығырақ екенін білдіреді. |
| Айқындылық | Шеттерін анық әрі түзу етіп көрсету үшін дәлдікті реттейді. 50 мәніне жақынырақ болуы шеттердің анығырақ екенін білдіреді. |
| Түсі | Жарығырақ немесе күңгірттеу ету үшін экран түстерінің жалпы өңін реттейді. 100 мәніне жақынырақ болуы түстердің күңгірттеу екенін білдіреді. |
| Реңкі | Экранда көрсетілетін қызыл мен жасыл түстер арасында түсті реттейді. Қызыл 50 мәніне жақынырақ болуы қызыл түстің басымырақ екенін білдіреді. Жасыл 50 мәніне жақынырақ болуы жасыл түстің басымырақ екенін білдіреді. |
| Түс темп-ы | Түстердің жалпы реңкін жылы немесе суық етіп реттейді. |
Кіріс сигналына немесе басқа сурет параметрлеріне байланысты реттелетін егжей-тегжейлі элементтердің ауқымы басқа болуы мүмкін.
Қосымша басқаруды орнату
Параметрлер СУРЕТ Қосымша басқару немесе Маман басқаруы
Экранды әр сурет режимі үшін мөлшерлейді немесе сурет параметрлерін арнайы экран үшін реттейді.
Алдымен қажетті Сурет режимі параметрін таңдаңыз.
| Серпінді контраст | Кескін жарықтығына сай контрастты оңтайлы деңгейге реттейді. |
| Түс арттыру механизмі | ![]() Көрермендердің көру ерекшеліктеріне ең лайықты болу үшін кескін түстерін түзетеді. |
| Серпінді түс | ![]() Түстерді табиғи көрінетін түстерге реттейді. |
| Қажетті түс | Тері түсі: пайдаланушы анықтаған тері түсін қолдану үшін тері түсі спектрін бөлек орнатуға болады. |
| Жасыл түс: табиғи түстер спектрін (көгалдар, белестер, т.б.) бөлек орнатуға болады. | |
| Көк түс: көк түс бөлек орнатылады. | |
| Тым жоғары ажыратымдылық | Сурет бұлдыр немесе анық емес аумақтарда кішігірім элементтерді жақсарту арқылы анық суретті қамтамасыз етеді. |
| Гамма | Градация қисығын кіріс сигналға қатысты сурет сигналының шығысына сай орнатады. |
| Түс шекарасы | Көрсетуге болатын түстердің ауқымын таңдайды. |
| Жиектерін бөлектеу | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Анығырақ, сонда да табиғи бейне жиектерін көрсетеді. |
| xvYCC | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Қанығырақ түстерді көрсетеді. |
| Түс сүзгіші | Түс қанықтығын және реңкін дәл реттеу үшін RGB түстерінде белгілі бір түс спектрін сүзеді. |
| Сарапшы үлгісі | Мамандық реттеу үшін пайдаланылатын үлгілер. |
| Ақ түс балансы | Экранның түстерін жылы немесе суық етіп реттейді. |
| Түсті реттеу жүйесі | Бұл функцияны сарапшылар басқа түс аумақтарына әсер етпестен алты түстен (қызыл / жасыл / көк / көкшіл / күлгін / сары) тұратын сынақ үлгіні пайдаланып түстерді реттегенде пайдаланады. Қалыпты кескіндер үшін реттеулер байқалатын түс өзгерулеріне әкелмеуі мүмкін. |
Кіріс сигналына немесе басқа сурет параметрлеріне байланысты реттелетін егжей-тегжейлі элементтердің ауқымы басқа болуы мүмкін.
Қосымша сурет параметрлерін орнату
Параметрлер СУРЕТ Сурет параметрі
Кескіндер үшін толығырақ параметрді реттейді.
| Шуды азайту | Суретті анық етіп көрсету үшін кездейсоқ жиналған кішкентай нүктелерді жояды. |
| MPEG шуын төмендету | Сандық бейнені қысу тудыратын шуды азайтады. |
| Қара деңгей | Экранның жарықтығын және контрастын түзету үшін экранның күңгірттік деңгейін реттейді. |
| Нақты фильм | Кескіндерді кинотеатрда көргенге ұқсас етіп көрсетеді. |
| Көзді күту | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Қатты жарық түсуін болдырмай, қуаттың тұтынылуын азайту үшін кескіндегі қозғалыс өзгерістеріне сәйкес жарықтықты реттейді. |
| Қозғалыс кезінде көзді күту | [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] Көзге түсетін ауырлықты азайту үшін кескін деректеріне қарай автоматты түрде жарықтықты реттеп, кескіннің бұлдырлығын азайтады.
|
Кіріс сигналына немесе басқа сурет параметрлеріне байланысты реттелетін егжей-тегжейлі элементтердің ауқымы басқа болуы мүмкін.
Сурет режимін қалпына келтіру
Параметрлер СУРЕТ Суретті қалпына келтіру
Пайдаланушы реттеген мәндерді қалпына келтіреді.
Әр сурет режимі қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру керек сурет режимін таңдаңыз.


