CI ақпараты туралы
Параметрлер ОРНАТУ CI ақпараты
- Бұл функция кейбір шифрланған қызметтерді көруге мүмкіндік береді (ақылы қызметтер).
- CI модулін алып тастаса, ақылы қызметтерді көру мүмкін болмайды.
- CI (Жалпы интерфейс) қызметі елдегі тарату жағдайларына байланысты пайдаланылмауы мүмкін.
- Модуль CI ұясына салынып тұрғанда, модуль мәзіріне кіруге болады.
- Модульді және смарт-картаны сатып алу үшін, дилерге хабарласыңыз.
- CI модулін салғаннан кейін теледидар қосылса, шифрланған бағдарламада бейне және аудио шығысы болмауы мүмкін. Смарт карта CI модулімен үйлесімді емес болуы мүмкін.
- САМ (Шартты қатынас модулі) модулін пайдаланғанда, оның DVB-CI немесе CI плюс талаптарына толық жауап беретінін тексеріңіз.
- CAM (Шартты қатынасу модулі) модулінің дұрыс істемеуі суреттің нашарлауына апаруы мүмкін.
- [Бұл мүмкіндік тек белгілі бір үлгілерде қол жетімді.] CI+ CAM қосулы кезде теледидар ешбір бейнені және аудионы көрсетпесе, жердегі / кабельдің / спутниктік қызмет операторына хабарласыңыз.