Сыртқы кіріс сигналын таңдау
This is the Home button on the Magic remote control. КІРІС ТІЗІМІ
Сыртқы кіріс сигналын таңдайды.
Көрсетілген сурет теледидарыңыздан өзгеше болуы мүмкін.

The input selection screen appears. You can specify a name for each input and set the SIMPLINK function.

  1. Динамикті таңдайды.
  2. Кіріс сигналын таңдайды.
  3. Сыртқы терминалға жалғанған сыртқы құрылғының атын өзгертеді.
  4. SIMPLINK параметрін орнатады.
  5. Әмбебап қашықтан басқару құралы. [Бұл мүмкіндік тек кейбір елдерде қол жетімді.]
SIMPLINK мүмкіндігін пайдалану
SIMPLINK — тек қана теледидардың қашықтан басқару құралын пайдаланып SIMPLINK мәзірі арқылы түрлі мультимедиа құрылғыларын ыңғайлы қадағалауға және басқаруға мүмкіндік беретін функция.
  1. HDMI кабелін пайдаланып теледидардың HDMI IN ұяшығын SIMPLINK құрылғысының HDMI шығыс ұяшығымен жалғаңыз. SIMPLINK функциясы бар үй кинотеатрларында HDMI ұяшықтарын жоғарыда айтылғандай жалғаңыз және теледидардың оптикалық сандық дыбыс шығысын SIMPLINK құрылғысының оптикалық сандық дыбыс кірісіне жалғау үшін оптикалық кабельді пайдаланыңыз. (HDMI-ARC қосылған құрылғыны HDMI-ARC порты арқылы жалғағанда оптикалық кабельдің қажеті жоқ.)
  2. This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ ҚОЛДАНБАЛАРЫМ SIMPLINK функциясын таңдаңыз. SIMPLINK мәзірінің терезесі көрсетіледі.
  3. SIMPLINK мәзір терезесінде SIMPLINK орнату пәрменін таңдаңыз. SIMPLINK орнату терезесі көрсетіледі.
  4. SIMPLINK орнату терезесінде SIMPLINK функциясын Қосу күйіне орнатыңыз.
  5. SIMPLINK орнату терезесін жабыңыз.
  6. This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ ҚОЛДАНБАЛАРЫМ SIMPLINK ішінен басқаратын құрылғыны таңдаңыз.
Бұл функция тек SIMPLINK логотипі бар құрылғыларда ( SIMPLINK logo ) жұмыс істейді.
Сыртқы құрылғыда SIMPLINK логотипі бар екенін тексеріңіз.
SIMPLINK функциясын пайдалану үшін жоғары жылдамдықты HDMI кабелі қажет (CEC (Тұтынушы электроникасын басқару) мүмкіндігі қосылған). Жылдамдығы жоғары HDMI кабельдерінде құрылғылар арасында ақпарат алмасу үшін №13 істік қосылып тұрады.
Сыртқы динамик динамик қосқышын көру үшін үй кинотеатры мүмкіндіктері бар құрылғының мультимедиасын қосыңыз немесе оны таңдаңыз.
Listen via External Speaker (Сыртқы динамик арқылы тыңдау) функциясын пайдалану үшін оптикалық кабельді (бөлек сатып алынады) немесе HDMI-ARC қосылған құрылғыны HDMI-ARC порты арқылы жалғаңыз.
Сыртқы кіріс сигналына ауысқанда SIMPLINK құрылғыларының жұмысы тоқтайды.
HDMI-CEC функциясы бар үшінші тарап құрылғысы пайдаланылса, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Оптикалық кабель жалғауға оптикалық сандық порты бар үлгілерде ғана қолдау көрсетіледі.
SIMPLINK мүмкіндіктерінің түсіндірмесі
Тікелей ойнату Мультимедиа құрылғысын осы теледидарда бірден ойнатады.
Мультимедиа құрылғысын таңдау Теледидар экранынан бірден басқару үшін SIMPLINK мәзірі арқылы қажетті құрылғыны таңдайды.
Дискіні ойнату Теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы мультимедиа құрылғысын басқарады.
Барлық құрылғыларды өшіру SIMPLINK параметрлерінің ішінде «Авто қосу» функциясы «Қосу» күйіне орнатылған болса, теледидар өшірілгенде, барлық қосылған SIMPLINK құрылғылары да ажыратылады.
Қуатты бірге қосу Егер SIMPLINK параметрлерінде «Авто қосу» функциясы «Қосу» күйіне орнатылған болса, SIMPLINK құрылғысын қосу теледидарды қосады.
Динамик Үй кинотеатры бөлігінен немесе теледидардан динамикті таңдаңыз.