Сиқырлы қашықтан басқару құралын тіркеу
Сиқырлы қашықтан басқару құралын пайдалану үшін алдымен теледидарда тіркеңіз.
Пайдалану алдында сиқырлы қашықтан басқару құралын төмендегідей тіркеңіз.
  1. Теледидарды қосыңыз және шамамен 10 секунд бойы күтіңіз, одан кейін қашықтан басқару құралын теледидарға бағыттап тұрып Wheel (OK) түймесін басыңыз.
  2. Қашықтан басқару құралы автоматты түрде тіркеледі де, теледидар экранына тіркеудің аяқталғаны туралы хабар шығады.
Сиқырлы қашықтан басқару құралын тіркей алмасаңыз, теледидарды өшіріңіз және қайталаңыз.
Сиқырлы қашықтан басқару құралын қайта тіркеу
  1. This is the Home button on the Magic remote control. және түймелерін бірге шамамен 5 секунд бойы басыңыз.
  2. Сиқырлы қашықтан басқару құралын қайта тіркеу үшін Wheel (OK) түймесін теледидарға қарай басыңыз.
Сиқырлы қашықтан басқару құралының бастапқы параметрлерін қалпына келтіру үшін This is the Home button on the Magic remote control. түймесін және түймесін бір уақытта бес секунд бойы басыңыз.
Қалпына келтіру және қайта тіркеу үшін қашықтан басқару құралын теледидарға бағыттап тұрып, түймесін басыңыз.
Сиқырлы қашықтан басқару құралының меңзерін орнату
This is the Home button on the Magic remote control. Параметрлер ПАРАМЕТР Меңзер
Теледидар экранында пайда болатын меңзердің жылдамдығы мен пішінін орнатады.
Жылдамдық Меңзердің қозғалу жылдамдығын орнатады.
Пішін Әртүрлі опциялардан меңзер пішінін таңдайды.
Өлшем Меңзердің өлшемін таңдайды.
Туралау Қосу күйіне орнатыңыз. Меңзер мен қашықтан басқару құралы көрсететін нақты бағыттың арасында қате туралану болса, қайта туралау үшін сиқырлы қашықтан басқару құралын солға және оңға жылжытыңыз. Меңзер автоматты түрде ортаға қайта тураланып, оны басқаруды оңайырақ етеді.
  • Егер ол Өшіру күйіне орнатылған болса, туралау функциясы тіпті сиқырлы қашықтан басқару құралын солға және оңға жылжытқанда да жұмыс істемейді.
Белгілі бір уақыт қолданылмаса, көрсеткі экраннан жоғалады. Меңзер экраннан жоғалғанда сиқырлы қашықтан басқару құралын солға және оңға сілкіңіз. Содан кейін ол қайтадан пайда болады.
Егер меңзер бір қалыпты жауап бермесе, экранның шетіне жылжыту арқылы меңзерді қалпына келтіруге болады.
Меңзерді экранда жылжытып жатқанда жылжу түймесін бассаңыз, меңзер жоғалып кетеді де, сиқырлы қашықтан басқару құралы қалыпты қашықтан басқару құралы сияқты жұмыс істейді.
10 метр тиімді қашықтық арасында пайдаланыңыз. Қашықтан басқару құралынан алысырақ қашықтықтардан немесе кедергілер көру аралығын жауып тұрғанда пайдалану дұрыс жұмыс істемеуге әкелуі мүмкін.
Маңайдағы электрондық құрылғылар байланыс кедергілерін тудыруы мүмкін. Микротолқынды пештер мен сымсыз жергілікті желілер сиқырлы қашықтан басқару құралымен бірдей жиіліктер ауқымын (2,4 ГГц) пайдаланады және кедергілерді тудыруы мүмкін.
Түсіріп алынса немесе басқалай зақымдалса, сиқырлы қашықтан басқару құралы бұзылуы мүмкін.
Оны жиһаз немесе еден сияқты басқа қатты заттарға соғып алмаңыз.