ТД және смартфон бірдей желіде болуы керек.
- Смартфонда Wi-Fi қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Смартфондағы мазмұнды бөлісу үшін қолданбаны орнатыңыз/іске қосыңыз.
- «Ұялы телефон мазмұнын бөлісу» пәрменін орындаңыз.
- Ойнату керек мазмұн түрін (бейне / музыка / фото) таңдаңыз.
- Теледидарда ойнатылатын бейне, музыка немесе фото файлын таңдаңыз.
- Ойнату тізіміне қосу пәрменін таңдаңыз.
- Ішінен мазмұнды ойнату керек құрылғыдағы ТД үлгісінің атауын таңдаңыз.
(ТД үлгісінің атауы құрылғының жапсырмасында орналасқан.) - (
) ойнату Таңдалған файлды теледидарда көрсетеді.
Егер компьютердің операциялық жүйесі Windows 7 немесе Windows 8 болса, я болмаса DLNA куәліктендірілген құрылғы (мысалы, ұялы телефон) желі арқылы қосылса, бөлек бағдарламаны орнатпастан музыканы / бейнелерді / фотосуреттерді теледидарда ойната аласыз.
- Бірдей желідегі теледидар мен компьютерді теңшеңіз. Желіде Windows 7 немесе Windows 8 орнатылған компьютерді теңшеңіз.
- Ойнатқыңыз келетін музыка / бейне / фото файлын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Windows 7 немесе Windows 8 жүйесімен бірге келетін «Қашықтан ойнату» мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Ұялы телефон сияқты құрылғыдан мазмұнды ойнату үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. - Бірнеше теледидар немесе құрылғы қосылған болса да, мазмұн тек бір құрылғыда ойнатылады. Ойнату жылдамдығы желі жылдамдығына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
- Бірдей желідегі теледидар мен компьютерді теңшеңіз.
DLNA қызметін қосу үшін теледидар мен әрбір құрылғы бір кіру нүктесі арқылы қосылуы тиіс. - Веб-сайттан компьютерде
SmartShareTM ДК бағдарламалық құралын орнатыңыз. Орнатпастан бұрын, желі аралық қорғау жүйесі мен вирусқа қарсы бағдарламаларды қоса барлық іске қосылып тұрған бағдарламаларды жабыңыз. - Ортақ файлды теледидарда көру үшін сервер істеп тұруы керек.
Веб-сайт туралы ақпарат алу үшін
Параметрлер ҚОЛДАУ Өнім/қызмет туралы ақпарат тармағына өтіңіз.
Параметрлер ҚОЛДАУ Өнім/қызмет туралы ақпарат тармағына өтіңіз. Бейнені DLNA режимінде орнатқанда, Multi Audio (Көп дыбыс) мүмкіндігіне және ішкі субтитрлерге қолдау көрсетілмейді.
Бір серверге бірнеше теледидар DLNA режимінде қосылса, сервер өнімділігіне байланысты мазмұн ойнатылмауы мүмкін.
Қолдау көрсетілетін файл түрлері DLNA сервер ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін, теледидар қолдайтын файл түрлері үшін де.
Бір қалтада тым көп ішкі қалталар мен файлдардың болуы дұрыс жұмыс істемеуді тудыруы мүмкін.
Бейне субтитрларын DLNA серверінде қарағанда, Nero SmartShareTM нұсқасын пайдалануды ұсынамыз.
Субтитр файлдары кейінірек қосылады, ортақ қалтаны өшіріп, қалдырыңыз.
ULTRA HD бейне (3840 X 2160) файлы істемейді.