Үсті > Пайдалану > Пайдалану алдында > Сағатты орнату

Сағатты орнату

Пешті қуат көзіне алғаш қосқанда немесе қуат сөніп қалғаннан кейін қайта қосылғанда, сағат әдепкі 24 сағаттық режимге келеді және дисплейде «0» жазуы пайда болады. Уақытты орнатуыңызға немесе 12 сағаттық режимге ауысуыңызға болады.

  • СТОП/СБРОС түймесін басыңыз.

  • 12 сағаттық немесе 24 сағаттық режимді таңдау үшін Часы түймесін басыңыз.

  • Қажетті сағат пен минутты орнату үшін Установка времени түймесін басып, Часы түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Сағат режимін бастапқы күйге қайтару үшін қуат көзін ажыратып, қайта қосуыңыз керек.

  • Дисплейде уақыт көрсетілгенін қаламасаңыз, пешті қосқан соң, СТОП/СБРОС түймесін басыңыз.

  • Дисплейде уақыт үнемі көрсетіліп тұратын параметр орнатылмаса, пеш қолданылмай тұрғанда, дисплей қуатты үнемдеу үшін өшіп қалады.