Киімдер құрылғы мен есік арасында қысылып қалмағанын тексеріңіз. Қысылып қалса, кептіру барысында киім зақымдалуы мүмкін.
Жақсы кептіруге қажетті бағдарламаны бағдарламалар кестесіндегі максималды жүктеу сыйымдылығын қараңыз. Көп салып тастасаңыз, кептіру нәтижесі нашар болады және қыртыстар көбейеді.
Құрылғыға шылқыған су киімдерді салмаңыз. Ол кептіру уақытын ұзартады және қуат шығынын көбейтеді. Киімдерді салмас бұрын, дұрыстап сығыңыз.
Материалдары бөлек киімдерді араластырып салсаңыз, кептіру уақыты ұзарады және белсенді кептіру кезінде дисплейде көрсетілетін уақыт азаймай тұрып алады. Қалған уақыт көрсеткіші біраздан кейін ғана өзгереді.
Барлық қалталарды босатыңыз. Түйреуіш, шаш қыстырғыш, сіріңке, қалам, тиын және кілт сияқты нәрселер құрылғыны да, киімдерді де зақымдауы мүмкін.
Бос белдіктерді, ысырмаларды, ілмектерді және жіптерді алып тастаңыз, әйтпесе бұл заттар басқа киімдерді зақымдайды.