Үсті > КЕПТІРГІШ ЖҰМЫСЫ > Қосымша опциялар мен функциялар > Кептіру бағдарламасын реттеу

Кептіру бағдарламасын реттеу

Әрбір бағдарламада автоматты түрде таңдалатын әдепкі параметрлер бар. Сондай-ақ, осы параметрлерді осы түймелермен теңшеуге болады.

Режим сушки (Кептіру режимі)

Энергия мен уақытты үнемдеу опциясын ұсыну үшін Режим сушки (Кептіру режимі) түймесін қайта-қайта басыңыз.

  • Энергия (Қуат): қуатты үнемдеу опциясы.

  • Время (Тез): уақытты үнемдеу опциясы.

ЕСКЕРТПЕ
  • Таңдалған параметрлер таңдалған бағдарламаға байланысты ерекшеленетін болады.

Вид сушки (Кептіру деңгейі)

Ол кептіру бағдарламасы үшін кебу деңгейін таңдауға мүмкіндік береді.

  • Экстра: Қалың және сырмалы маталарға арналған

  • Стандарт (Стандартты): Үтіктеу керек емес маталар үшін

  • Для глaжки (Үтіктеуге арналған): Үтіктеу керек маталар үшін

Таймер (Кептіру уақыты)

Кептіру уақытын 30–70 минут аралығында 10 минуттық интервалмен қолмен таңдау үшін осы опцияны пайдаланыңыз. Оны кір азырақ болғанда немесе қыртысты азайту үшін қолданыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Киім матасына байланысты оны кептіргеннен кейін әлі де аздап дымқыл болуы мүмкін. Бұл жағдайда кірді жақсылап кептіру үшін осы опцияны пайдаланыңыз.

Кептіру бағдарламасын реттеу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  • Киімдерді дайындаңыз және барабанға жүктеңіз.

  • Қуат түймесін басыңыз.

  • Кептіру бағдарламасын таңдаңыз.

  • Қажет болса, кептіру бағдарламасын (Режим сушки (Кептіру режимі), Вид сушки (Кептіру деңгейі) және Таймер (Кептіру уақыты)) реттеңіз.

  • Бастау/Кідірту түймесін басып тұрыңыз.