Үсті > СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ > LG ThinQ қолданбасын пайдалану > Құрылғыны қашықтан пайдалану

Құрылғыны қашықтан пайдалану

Удaлeнный cтaрт (Қашықтан іске қосу)

Жабдықты қашықтан басқару үшін смартфонды пайдаланыңыз. Цикл жұмысын да бақылауға болады, сол арқылы цикл аяқталуына дейін қанша уақыт қалғанын біле аласыз.

Осы функцияны пайдалану
  • Киімдерді барабанға салыңыз.

  • Қуат түймесін басыңыз.

  • Қашықтан басқару функциясын қосу үшін Удaлeнный cтaрт (Қашықтан іске қосу) түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

  • Смартфоныңыздағы LG ThinQ қолданбасынан циклді іске қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Осы функция қосылғаннан кейін, циклді смартфондағы LG ThinQ қолданбасынан ғана бастай аласыз. Цикл іске қосылмаса, ол қолданбамен қашықтан өшірілгенше немесе осы функция өшірілгенше құрылғы циклдің іске қосылуын күтеді.

  • Егер есік ашылса, циклді қашықтан бастай алмайсыз.

Осы функцияны қолмен өшіру

Бұл функция іске қосылғанда, Удaлeнный cтaрт (Қашықтан іске қосу) түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

Тaймep (Таймер)

Бұл функция орнатылса, құрылғы автоматты түрде іске қосылып, белгілі бір уақыттан кейін тоқтайды.

Осы функцияны пайдалану
  • Киімдерді барабанға салыңыз.

  • Қуат түймесін басыңыз.

  • LG ThinQ қолданбасын қосып, өнімді таңдаңыз.

    • Жуу үшін кір жуғыш машинаны таңдаңыз.

    • Кептіру үшін кептіргішті таңдаңыз.

  • Жуу немесе кептіру бағдарламасын таңдаңыз.

  • Тaймep (Таймер) түймесін түртіп, кідірту уақытын орнатыңыз.

  • Смартфоныңыздағы LG ThinQ қолданбасынан циклді іске қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Кідірту уақыты – бағдарламаның басталуына дейінгі емес, аяқталуына дейінгі уақыт. Нақты жұмыс істеу уақыты су температурасына, киімге және басқа факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Бұл функцияға сұйық жуғыш затты пайдаланбаңыз.