Құрылғы жұмыс барысында киімнен шыққан конденсацияланған суды пайдаланып, конденсатор бетінде жиналған түкті автоматты түрде жуады. Бұл тазалау функциясын айына бір рет (немесе 30 рет кептіргеннен кейін) қолдану түкті жууға көмектеседі.
Құрылғыдан киімдердің барлығын шығарыңыз.
Кептіргіштің есігін ашыңыз және ішкі және сыртқы сүзгілерді шығарыңыз.
Су контейнері бөлімінің аузына 1 литр таза суды ақырындап құйыңыз.
Суды тез құймаңыз, шашырап кетуі мүмкін.
Бөлімге салынған су мөлшері 1,5 литрден асып кетсе, су қайта ағуы мүмкін.

Ішкі және сыртқы сүзгіні қайта салып, кептіргіш есігін жабыңыз.
Құрылғыны қосыңыз.
Очистка конденсатора (Конденсатордың күтімі) түймесін басыңыз.
Конденсаторды тазалау үшін Бастау/Кідірту түймесін басып тұрыңыз.
Конденсаторды тазалау процесі 1 сағатқа созылады.
Тазалау процесі аяқталған соң, ішінің толық кебуіне қажетті ауа айналымы болуы үшін кептіргіштің есігін ашып қойыңыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыға балалардың немесе жануарлардың кіруіне жол бермеңіз. Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарақаттауы мүмкін.