Үсті > Пайдалану > Пайдалану алдындағы дайындық > Сымсыз қашықтан басқару пультіне батареяларды салу

Сымсыз қашықтан басқару пультіне батареяларды салу

Сымсыз қашықтан басқару пультіне AAA (1,5 В) батареяларын салыңыз.

  • Батарея бөлімінің қақпағын алып, жаңа батареяларды салыңыз. Батареялардың + және - клеммалары дұрыс бағытта орналастырылғанына көз жеткізіңіз.

  • Қақпақты орнына сырғытып қайта бекітіңіз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Сымсыз қашықтан басқару пультінің дисплейі сөне бастағанда, AAA (1,5 В) батареяларын ауыстырыңыз.

  • Жүйе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяларды қызмет ету мерзімін сақтау үшін алып тастаңыз.

  • Ескі және жаңа батареяларды бірге пайдаланбаңыз.