Үсті > Пайдалану > Сымсыз қашықтан басқару пультін пайдалану > Температураны жылдам өзгерту режимі

Температураны жылдам өзгерту режимі

Бөлме температурасын жылдам өзгерту үшін осы режимді пайдаланыңыз.

  • Құрылғыны қосыңыз.

  • Қажетті режимді таңдау үшін MODE түймесін бірнеше рет басыңыз.

    • Температураны жылдам өзгерту режимі Салқындату, Жылыту және Құрғату режимдерімен бірге қолжетімді.

  • JET MODE түймесін басыңыз.

    • Жылдам салқындату режимі

      Салқын ауа 30 минут бойы қатты шығып тұрады. 30 минуттан кейін температура әдепкі бойынша 18 7 градусқа орнатылады.

      • Температураны өзгерту үшін қажетті температураны орнату мақсатында a немесе b түймесін басыңыз.

    • Жылдам жылыту режимі

      Жылы ауа 30 минут бойы қатты шығып тұрады. 30 минуттан кейін температура әдепкі бойынша 30 7 градусқа орнатылады.

      • Температураны өзгерту үшін қажетті температураны орнату мақсатында a немесе b түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Температураны жылдам өзгерту режимінен бас тарту үшін JET MODE немесе FAN SPEED немесе a немесе b түймесін басыңыз.