Ауа ағынының бағытын тік немесе көлденең етіп реттеуге болады.
Ауа ағынының бағытын реттеу үшін SWING (Жоғары-төмен тербелу) түймесін бірнеше рет басыңыз.
Ауа ағынының жоғары-төмен бағытын автоматты түрде реттеу үшін y түймесін таңдаңыз.
Ауа ағынының бағытын реттеу үшін SWING (Сол-оң жаққа тербелу) түймесін бірнеше рет басыңыз.
Ауа ағынының сол-оң жақ бағытын автоматты түрде реттеу үшін A түймесін таңдаңыз.
Үлгіге байланысты Сол-оң жақ бағытты реттеу параметріне қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Ауа дефлекторын өз бетінше реттеу салдарынан құрылғы істен шығуы мүмкін.
Қайта іске қосқан кезде, құрылғы соңғы рет орнатылған ауа ағынының бағытын пайдаланады. Ауа дефлекторының орны сымсыз қашықтан басқару пультінде көрсетілген белгішеге сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл орын алғанда, ауа ағынының бағытын қайта реттеу үшін SWING (Жоғары-төмен тербелу) немесе SWING (Сол-оң жаққа тербелу) түймесін басыңыз.
Бұл функция сымсыз қашықтан басқару пультінің дисплейінен өзгеше жұмыс істеуі мүмкін.