Ауа сүзгісін бүкпеңіз, әйтпесе сынып кетуі мүмкін.
Өнімге шаң немесе басқа заттар енбеуі үшін, ауа сүзгісін тиісті түрде құрастырыңыз.
Құрылғы қуатын өшіріңіз.
Өнімнің алдыңғы жоғарғы жағында орналасқан ауа сүзгісі тұтқаларын табыңыз.
Тұтқалар
Ауа сүзгісі
Тұтқаларды аздап жоғары тартыңыз да, сүзгіні толықтай көтеріп, алып тастаңыз.
Ауа сүзгісін шаңсорғышпен тазалаңыз немесе жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз.
Сүзгіні көлеңкеде кептіріңіз.
Ауа сүзгісіндегі тілшелерді алдыңғы панельдің артқы жағындағы ойықтарға енгізіңіз.
Тілшелерді орныққанша төмен итеріңіз.
Сүзгі дұрыс құрастырылғанына көз жеткізу үшін сүзгінің алдыңғы жағын ұзына бойы толықтай басып шығыңыз.