Кондиционерді тасымалдау үшін жүк тиеуішті немесе 2 немесе одан да көп адамды пайдаланыңыз.
Кондиционерді теңіз желі (тұзды шашыранды) келетін аймаққа орнатпаңыз.
Су конденсациясы біркелкі ағуы үшін, ағызу шлангісін тиісті түрде орнатыңыз.
Кондиционерді сыртқы блок шуы немесе шығатын газдар көршілерге кедергі тудырмайтын орынға орнатыңыз.
Орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін бұрандалар, шегелер, пластик пакеттер немесе батареялар сияқты қаптама материалдарын арнайы қаптама пайдаланып, тиісті түрде қоқысқа тастаңыз.
Кондиционерді қорабынан алған немесе орнатқан кезде сақ болыңыз.
Әсіресе жәшіктің бұрыштары және конденсатор мен буландарғыштың қабырғаларынан абай болыңыз.
Дірілдеу мен су ағуына жол бермеу үшін, өнімді орнату кезінде де деңгейді ұстаңыз.
Блокты орнату кезінде, өніммен бірге берілген орнатуға арналған жинақты пайдаланыңыз.
Жылу алмастырғыш қабырғаларының жиектері – кесіп кетерліктей үшкір бұрыштар. Жарақаттанбау үшін, қолғап киіңіз немесе жанында жұмыс жасағанда қабырғаларды жабыңыз.