Product

Apple AirPlay технологиясымен жұмыс істеу

Бұл өнім AirPlay технологиясы арқылы iOS құрылғыңыздан музыка тыңдауға мүмкіндік береді.

13237.png

13232.png Ескертпе

  • Осы өнім мен iOS құрылғыңыз бірдей Wi-Fi желісіне қосылғандығын тексеріңіз.
  • iOS құрылғыңыз iOS 11.4 немесе одан кейінгі операциялық жүйеде жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
  • AirPlay 2 технологиясын қолдайтын динамиктер бірнеше динамикке ағымды жіберу үшін қажет.

iOS құрылғысы арқылы Wi-Fi желісін реттеу

  1. a Өнімді Қуат 3110.png түймесін басу арқылы қосыңыз.
  2. b iOS құрылғыңыздан Settings (Параметрлер) опциясын, содан кейін Wi-Fi опциясын таңдаңыз.
  3. c SET UP NEW AIRPLAY SPEAKER (ЖАҢА AIRPLAY ДИНАМИГІН ОРНАТУ) опциясынан “LG_Speaker_SC9S_XXXX” жазуын таңдаңыз.
  4. d Жергілікті бағдарлауыштың таңдалғанын тексеріңіз. Бұл қадамда өнім атауын таңдауыңыз бойынша өзгерте аласыз, сонымен қатар құпиясөзді орната аласыз. Теңшеулерді аяқтағаннан кейін Next (Келесі) опциясын таңдаңыз.
  5. e Done (Орындалды) опциясын таңдаңыз.

22807.png

15306.png 

AirPlay арқылы музыканы ағынмен тарату

Control Center ( Басқару орталығы) опциясынан:

  1. a iOS құрылғыңыздан Control Center (Басқару орталығы) опциясын ашыңыз.
  2. b AirPlay (3224.png) опциясын басыңыз.
  3. c Музыка тыңдау үшін өнімді таңдаңыз. AirPlay 2 технологиясын қолдайтын бір немесе бірнеше динамикті таңдай аласыз.

Музыка ойнатқыш қолданбасынан:

  1. a музыка ойнатқышы қолданбасын ашыңыз.
  2. b AirPlay (3236.png) опциясын басыңыз.
  3. c Музыка тыңдау үшін өнімді таңдаңыз. AirPlay 2 технологиясын қолдайтын бір немесе бірнеше динамикті таңдай аласыз.

15318.png

Apple®, AirPlay®, iPad®, iPad Air®, iPad Pro® және iPhone® логотиптері АҚШ және басқа елдерде тіркелген Apple Inc. компаниясының сауда белгілері болып табылады.

“Works with Apple” таңбашасын пайдалану керек-жарақтың таңбашада көрсетілген технологиямен жұмыс істеуге арналғандығын және Apple компаниясының өнімділік стандарттарына сәйкес әзірлеуші тарапынан сертификатталғанын білдіреді.

Бұл AirPlay 2 технологиясын қолдайтын динамикті басқару үшін iOS 11.4 немесе кейінгі нұсқасы қажет.