Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын > ezDispense қате туралы хабарлары

ezDispense қате туралы хабарлары

E d1

ezDispense ERROR 1

Себебі

Жуғыш құрал бөліміндегі сұйық жуғыш құрал мөлшері азаймайды.

Жуғыш құралды жуғыш құрал бөліміне қосқаннан кейін ол ұзақ уақытқа қалып кеткен. Сол себепті қатып қалған.

Шешімі
  • Жуғыш құрал бөлімін мұқият тазалап, оған сұйық жуғыш құрал құйыңыз. Оны тартпаға орнатып, жуу циклын іске қосыңыз. E d1 көрсетіле берсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

E dz

ezDispense ERROR 2

Себебі

Жуғыш құрал бөліміндегі сұйық жуғыш құрал мөлшері азаймайды.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

E d3

ezDispense ERROR 3

Себебі

Сұйық мата жұмсартқыш немесе сұйық жуғыш құрал бөліміндегі мата жұмсартқыш мөлшері азаймайды.

Мата жұмсартқышты сұйық мата жұмсартқыш немесе сұйық жуғыш құрал бөліміне қосқаннан кейін ол ұзақ уақытқа қалып кеткен. Сол себепті қатып қалған.

Шешімі
  • Сұйық мата жұмсартқыш немесе сұйық жуғыш құрал бөлімін мұқият тазалап, оған сұйық мата жұмсартқыш құйыңыз. Оны тартпаға орнатып, жуу циклын іске қосыңыз. E d3 көрсетіле берсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

E d4

ezDispense ERROR 4

Себебі

Сұйық мата жұмсартқыш немесе сұйық жуғыш құрал бөліміндегі сұйық мата жұмсартқыш мөлшері азаймайды.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

E ds

ezDispense ERROR 5

Себебі

Сұйық мата жұмсартқыш немесе сұйық жуғыш құрал бөліміндегі сұйық жуғыш құрал немесе мата жұмсартқыш мөлшері азаймайды.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

O PN

ezDispense OPEN ERROR

Себебі

Кір жуғыш машина тартпа толықтай жабылмаған күйде жұмыс істеген.

Тартпа кір жуу кезінде ашылған.

Шешімі
  • Тартпаны толықтай итеріп жабыңыз. O PN көрсетіле берсе, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.