Микротолқынды пешті биіктігі кемінде 85 см болатын тегіс жерге қойыңыз.
Пеш құлап кетпеуі үшін пештің алдында тағы кемінде 8 см-дей орын болуы керек.
Ауа айналымы жақсы болуы үшін пештің жоғарғы жағында кемінде 20 см, екі жағында 20 см-ден және пештің артында 20 см бос орын болуы керек.
Пештің айналасында еркін ауа айналымы болуы өте маңызды.
Ыстық ауа шығатын жері пештің астында немесе бүйір жағында орналасқан. Микротолқынды пешті жабық кеңістікке немесе шкафқа қойсаңыз, өнімді суытуға арналған ауа ағыны нашарлауы мүмкін. Ол пеш жұмысының нашарлауына және қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына себеп болады.

Айналмалы сақинаны пештің ішіне қойып, оның үстіне әйнек науаны қойыңыз.
Штепсель ашасын розеткаға жалғаңыз.
Пеш зақымдалмауы үшін ауа шығатын саңылауларды бекітпеңіз.
Микротолқынды пеш қосылып тұрған розеткада басқа құрылғылар қосылып тұрмауы керек.
Егер пеш дұрыс жұмыс істемесе, оны розеткадан ажыратыңыз және қайта қосыңыз.
Пешті газ немесе электр желілерінің үстіне қоймаңыз.
Өнімнің шығыс қуаты жоғары салыстырмалы түрде жоғары болғандықтан, ас әзірлеу параметрін әдеттегі микротолқынды пештерден (700 Вт, 800 Вт) азырақ орнатыңыз.