Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар бақылау астында болғанда немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулық берілгенде және қауіпті жағдайларды түсінген жағдайда қолдана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Балаларға құрылғыны бақылаусыз тазалауға немесе қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі немесе құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдарды (балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.
Микротолқынды пешті пайдаланғанда, күйік шалу, электр тогының соғу, өрт шығу, жарақат алу немесе микротолқынды энергияның әсеріне ұшырау қаупін азайту үшін, осы құрылғыны пайдаланбас бұрын, барлық нұсқауды оқып шығыңыз.
Қолдану барысында құрылғы (әсіресе желдеткіш) және оның қолжетімді бөлшектері қатты ысып кетеді. Ыстық элементтерді қолмен ұстамаңыз. Жасы 8-ге толмаған балаларды қадағалап тұрмасаңыз, оларды құрылғыға жақындатуға болмайды.
Есікке, олардың тығыздауыштарына, басқару панеліне, қауіпсіздік құлпының қосқыштарына немесе пештің кез келген басқа бөлігіне өзгеріс енгізуге немесе түзету не жөндеу жұмыстарын жасауға болмайды. Әйтпесе микротолқынды энергияның әсерінен қорғайтын қандай да бір жабын алынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны LG Electronics компаниясының білікті қызмет көрсетуші маманы ғана бөлшектеуі, жөндеуі немесе өзгертуі керек.
Микротолқынды энергияның әсерінен қорғайтын жабынды алып тастауға себеп болатын қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын білікті маман орындамаса, адамның денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Басқа құрылғылар сияқты емес, микротолқынды пеш – кернеуі жоғары және электрлік ток күші жоғары жабдық. Дұрыс пайдаланбасаңыз немесе жөндемесеңіз, микротолқынды энергияның шамадан тыс әсер етуіне немесе электр тогы соғуына себеп болады.
LG Electronics компаниясының білікті қызмет көрсетуші маманы жөндемейінше, микротолқынды пештегі есіктің тығыздауыштары және соған жақын бөлшектер зақымдалған болса, құрылғыны пайдалануға болмайды.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаны пешке салып пісіруге болмайды. Жұмыртқаның ішіндегі қысып көтеріліп, жарылып кетуі мүмкін.
Сұйықтықтарды және басқа азық-түлікті аузы жабылған контейнерлерде жылытуға болмайды, себебі жарылып кетуі мүмкін. Ас әзірлеу немесе мұзын еріту үшін алдымен азық-түліктің сыртындағы пластик ораманы алып тастаңыз. Алайда кейде кейбір азық-түлікті жылыту немесе тамақ әзірлеу үшін бетін пластик жабқышпен жауып қою керек екенін ескеріңіз.
Пеш есігінің әйнегін тазалау үшін түрпі тазалағыштарды немесе металдан жасалған үшкір ысқыштарды пайдалануға болмайды, себебі ол әйнектің бетін сырып тастап, оның бұзылуына себеп болады.
Микротолқынды пешті шкафтың ішіне қоюға болмайды. Микротолқынды пеш ашық жерде бөлек тұруы керек.
8 жасқа толмаған балаларды құрылғыға және оның кабеліне жолатпаңыз.
Бұл құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдалана алмайсыз.
Бұл құрылғы қоғамдық тамақтану орындарында коммерциялық мақсатты қолдануға арналмаған. Бұл құрылғы тұрмыста және соған ұқсас қолданысқа арналған, мысалы:
Дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған асүйлер;
Ауылдағы үй;
Қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа орталардағы клиенттер;
Бір түндік қонақүйлер.
Құрылғыны жылжымалы үйлердің (кемпингке арналған көліктерге) ішіне орнатуға болмайды.
Жылытылатын азық-түлік пластиктен немесе қағаздан жасалған контейнерлерде болса, олар тұтанып кетуі мүмкін, сондықтан үнемі қадағалап тұруыңыз керек.
Күйік шалмауы үшін, емізік бөтелкелердегі және нәрестелерге арналған банкалардағы тамақты араластыру немесе шайқау керек, оның температурасын тексерген соң ғана, балаға беріңіз.
Микротолқынды пештерге қолдануға жарамды ыдыс-аяқты ғана пайдаланыңыз. Олар қызып кетіп, күйдіруі мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, металдан жасалған пакет қыстырғышты алып тастаңыз.
Ішкі қабаты металдан (мысалы, алтын немесе күміс) жасалған ағаш және керамикалық контейнерлерді пайдаланбаңыз.
Микротолқынды пешпен ас әзірлеу барысында азық-түлікке және сусынға арналған металл контейнерлерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Металл заттар пештің ішінде доға жасап, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
Микротолқынды пеш азық-түлік пен сусынды жылытуға арналған. Азық-түлікті немесе киімді кептіру, сонымен қатар жылытқыларды, тәпішкелерді, губкаларды, дымқыл шүберекті және соған ұқсас заттарды кептірсеңіз, жарақат алу, от немесе өрт шығу қаупі бар.
Түтін байқалса (немесе шықса) құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз және отты басу үшін есікті жабық ұстаңыз.
Тек осы құрылғыға арналған температура датчигін пайдаланыңыз.
Басқа температура датчигімен құрылғыдағы температураның дәлме-дәл көрсеткішін ала алмайсыз.
Бұл үлгіде температура датчигі берілмейді.
Микротолқынды пеште сорпа, тұздық және сусын сияқты сұйықтықтарды ысытқанда,
мойны жіңішке тік жақты контейнерлерді пайдаланбаңыз.
Шамадан тыс қатты ысытпаңыз.
Контейнерді пешке қоймас бұрын, сұйықтықты араластырыңыз және ысыту барысында қақпағын аздап ашып қойыңыз.
Контейнерді ұстаған кезде абайлаңыз.
Сусындарды микротолқынмен ысытқанда, олар біраз уақыт өткен соң, қайнап жарылуы мүмкін, сондықтан контейнерді ұстағанда абай болыңыз.
Жылытып болған соң, біраз уақыт құрылғыдан шығармаңыз; оны абайлап араластырыңыз немесе шайқаңыз, содан кейін оны тұтынбас бұрын, температурасын тексеріңіз, себебі ол қатты ысып кетіп, күйдіруі мүмкін (әсіресе, емізік бөтелкелер және сәбилерге арналған тамақ банкалары).
Бұл құрылғыны үнемі тазалап тұру және тамақ қалдықтарын сүртіп тастау керек. Құрылғыны таза ұстамаған жағдайда, оның беткі қабаттары зақымдалады және оның қызмет ету мерзімін азайтуы мүмкін. Нәтижесінде қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
8 жасқа толмаған және ересектер қадағалап тұрмаған балаларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тапсыруға болмайды.
Құрылғыны бу тазалағышпен тазалауға болмайды.