Үсті > Пайдалану > Ыдыс-аяққа қатысты нұсқаулық > Пайдаланбас бұрын ыдыс-аяқты тексеру

Пайдаланбас бұрын ыдыс-аяқты тексеру

Ыстыққа төзімді және металдан жасалмаған ыдыс-аяқтың көбін микротолқынды пеште қолдана беруге болады. Алайда кейбір ыдыс-аяқтың құрамында микротолқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар болуы мүмкін. Ыдыс-аяқты микротолқынды пеште қолдануға болатынын немесе болмайтынын анықтау үшін, мына қадамдарды орындаңыз.

  • Тексерілетін контейнер мен су толтырылған әйнек шынаяқты пештің ішіне қатар қойыңыз.

  • Контейнер мен әйнек шынаяқты 1 минут ЖОҒАРЫ қуатпен ысытыңыз.

    • Су ысып кеткенмен, контейнер суық болып тұрса, контейнерді микротолқынды пеште қолдана беруге болады.

    • Егер судың температурасы өзгермей, контейнер жылып кететін болса, оны микротолқынды пеште қолдануға болмайды.

ЕСКЕРТУ
  • Құрамында қорғасыны немесе темірі бар кейбір заттарды микротолқынды пешке салуға болмайды.

  • Ыдыс-аяқты пайдаланбас бұрын, оларды микротолқынды пеште қолдануға болатынын тексеру керек.

  • Ыдыс-аяқты пештен шығарғанда абай болыңыз. Кейбір ыдыстар тамақтың ыстығын өзіне сіңіріп, қызып кетуі мүмкін.