Үсті > Пайдалану > Ас әзірлеу нұсқаулығы > Ас әзірлеуге арналған кеңестер

Ас әзірлеуге арналған кеңестер

Ас әзірленіп жатқанда, микротолқынды пештегі тамақты бақылап тұрыңыз. Рецепт бойынша көтеру, араластыру сияқты нұсқауларды орындаған жөн. Егер тамақ бірқалыпты жылымаған сияқты көрінсе, қажетті әрекеттерді орындап, мәселені түзетіңіз.

  • Бетін жабу: микротолқынды пеште қолданғанда, тәрелкенің бетін қақпақпен, ас пергаментімен (балауызы жоқ қағаз) немесе ас пленкасымен жауып қойыңыз. Бетін жауып қойсаңыз, ыстық пен бу ешқайда шықпай, тамақ тез әзірленеді.

  • Араластыру: тамақты ыдыстың шеткі жақтарынан ортасына ауыстырыңыз, себебі ыдыстың шет жақтары ортасына қарағанда тез қызады.

  • Тұру уақыты: тұру уақыты ас әзірлеу процесін аяқтауға және дәмдерді араластыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Тамақты пештен алып тастаған соң, 3–10 минут қойып қоюға болады.

  • Ас әзірлеу уақыты: ас әзірлеу уақыты тамақтың ингредиенттеріне байланысты орнатылады. Мұз болып қатып қалған тамақты басқаларға қарағанда ұзағырақ дайындау керек болады.

  • Су бүрку: қуырылған ет және көкөніс сияқты аздап сулы тамақтарды пешке салмас бұрын, бетіне аздап су бүрку керек немесе өз ылғалын сақтап тұру үшін бетін жауып қойған дұрыс.

  • Орналастыру: қалың тамақтың беткі жағы астыңғы жағына қарағанда жылдам ысиды. Ас әзірлеу барысында тамақты бірнеше рет төңкеру керек болады.

  • Тесу: жарылып кетпеуі үшін ас әзірлемес бұрын, қабығы, терісі немесе мембранасы бар тамақтарды тесіп қойыңыз.

    • Ондай тамақтарға жұмыртқаның сарысы мен ағы, моллюскалар, устрицалар, картоптар және басқа бүтін көкөністер мен жемістер жатады.

  • Тамақтың пішіні: микротолқындар тамаққа шамамен 2 см енеді. Микротолқынды энергия арқылы тек тамақтың сыртқы жиегі ғана дайындалады, ал қалған бөлігі ыстық енгенде ғана дайын болады.

    • Бірқалыпты дайындалуы үшін ет, тауық немесе балық сияқты тамақтың ең қалың бөліктерін ыдыстың шеткі жақтарына қойыңыз.

    • Мүмкін болса, тамақты жұқалап тураңыз.

  • Тығыздық: тоқаш және нан сияқты жеңіл әрі кеуек бітімді тамақтар қуырдақ және запеканка сияқты ауыр әрі тығыз тамақтарға қарғанда тез дайындалады.

  • Сүйектер және май: сүйектер мен май етке қарағанда тез қызады. Еттің сүйекті немесе майлы жерлерін ұстағанда абай болыңыз.

  • Мөлшер: пешке тамақты қаншалықты көп салсаңыз, оны дайындау уақыты соншалықты ұзарады.

  • Қалқалау: шамадан тыс қатты ысып кептеуі үшін төрт бұрышты ыдыстардың бұрыштарын алюминий фольгамен жауып қойыңыз. Фольганы шамадан тыс көп қолданбаңыз және фольганың тамаққа тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Ас әзірлеу кезінде фольга пештің қабырғаларына қатты жақындап кетсе, ұшқын шығуы мүмкін.