Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Сұрақ-жауап > Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

С: Пештің шамы жанбай қалса, қай жері дұрыс емес деген сөз?

Ж: Пештің шамы жанбай қалуының бірнеше себебі болуы мүмкін. Шамның лампасы жанып кеткен немесе электрлік тізбекте ақау бар.

С: Микротолқынды энергия есіктегі көру әйнегінен өтіп кете ала ма?

Ж: Жоқ, ондағы тесіктер мен саңылаулар жарық өту үшін жасалған, бірақ одан микротолқынды энергия сыртқа шықпайды.

С: Басқару панеліндегі түймені түрткенде, дыбыстық сигнал не үшін шығады?

Ж: Дыбыстық сигнал параметрдің дұрыс енгізілгенін білдіреді.

С: Пештің ішіне ештеңе салмай, бос жұмыс істетсе, микротолқын функциясына зақым келе ме?

Ж: Иә, оны бос жұмыс істетуге болмайды.

С: Не үшін кейде жұмыртқалар жарылып кетеді?

Ж: Пісіру, қуыру немесе қайнату барысында жұмыртқаның сарысында жиналып қалған қысымға байланысты, ол жарылып кетуі мүмкін. Оның алдын алу үшін жұмыртқаның сарысын тесіп қойыңыз. Жұмыртқаны қабығымен жылытуға болмайды.

С: Микротолқынмен ас әзірлеген соң не үшін біраз уақыт тұруы керек?

Ж: Микротолқынмен ас әзірлеп болған соң, азық-түлік әлі де пісіп жатады. Тұру уақыты аяқталғанда, азық-түлік бірқалыпты дайындалады. Тұру уақытының ұзақтығы азық-түліктің тығыздығына байланысты болады.

С: Менің пешім ас әзірлеу нұсқаулығындағыдай тез дайындамайды. Неге?

Ж:

  • Берілген нұсқауларды дұрыс орындағаныңызды тексеру үшін ас әзірлеу рецептін тағы бір қарап шығыңыз. Сонымен қатар ас әзірлеу уақытына қандай факторлар әсер ететінін көріңіз.

  • Ас әзірлеу нұсқаулығындағы уақыттар мен жылу параметрлері ұсыныс ретінде көрсетілген, олар шамадан тыс ысытып жіберудің алдын алуға арналған. Себебі ол – пешті қолданудағы ең басты проблема.

  • Азық-түліктің өлшемі, пішіні, салмағы және өлшемдері өзгерген сайын ас әзірлеу уақытын да ұзарту керек.

  • Ас әзірлеу нұсқауларындағы ұсыныстарын қолдана отырып, кәдімгі духовканы пайдаланғандай, өз түйсігіңізге де жүгініңіз.

С: Микротолқынды ас әзірлеу процесі аяқталған соң, дисплейде «cool» сөзі немесе қалған ас әзірлеу уақыты, сонымен қатар шуыл не үшін шығады?

Ж: Ас әзірлеу процесі аяқталған соң, пешті суыту үшін желдеткіш іске қосылуы мүмкін. Сондықтан дисплейде «Cool» (Суыту) сөзі шығады. Ас әзірлеу уақыты аяқталғанға дейін есікті ашып тастасаңыз немесе ТОҚТАТУ не ТОҚТАТУ/ТАЗАЛАУ түймесін бассаңыз, дисплейде қалған ас әзірлеу уақыты көрсетіледі. Ол ақау емес.