Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын > Пайдалану

Пайдалану

Микротолқынды пеш іске қосылмайды

Себебі

Қуат сымы қосылмаған, есік ашық тұр. Не болмаса, ас әзірлеу уақыты орнатылмады.

Шешімі
  • Қуат сымын розеткаға қосыңыз.

  • Есікті жабыңыз.

  • Ас әзірлеу уақытын орнатыңыз.

Себебі

Үйіңіздегі сақтандырғыш күйіп кеткен немесе автоматты ажыратқыш іске қосылған болуы мүмкін. Немесе құрылғы GFCI (жерге қысқа тұйықталу ажыратқышы, Ground Fault Circuit Interrupter) розеткасына қосылып, розетканың автоматты ажыратқышы іске қосылған.

Шешімі
  • Негізгі электрқалқанды тексеріңіз және сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе автоматты ажыратқышты бастапқы күйіне қайтарыңыз.

    Сақтандырғыш қуатын арттырмаңыз. Ақаулық тізбектегі артық жүктемеде болса, оны білікті электршіге жөндетіңіз.

  • GFCI құрылғысындағы автоматты ажыратқышты бастапқы күйіне қайтарыңыз. Ақаулық түзетілмесе, электршіге хабарласыңыз.

Ұшқын шығады

Себебі

Ыдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, пештің ішіне ештеңе салмай пайдаландыңыз.

Шешімі
  • Микротолқынға жарамды ыдыс-аяқ қолданыңыз. Оның қандай ыдыс екенін білмесеңіз, ыдысты пайдаланбас бұрын, тексеріп көріңіз.

  • Пештің ішіне ештеңе салмай, қолдануға болмайды.

Уақытты дұрыс көрсетіп тұрған жоқ

Себебі

Қуат сөніп қалған.

Шешімі
  • Уақытты бастапқы күйге қайтарыңыз. Уақытты бастапқы күйге қайтару үшін «Сағатты орнату» бөлімін қараңыз.

Азық-түлік әркелкі дайындалады

Себебі

Ыдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.

Шешімі
  • Ыдыстың микротолқынды пешке арналғанына көз жеткізіңіз.

  • Әйнек науасынсыз ас әзірлемеңіз.

  • Ас әзірлеу кезінде тамақты аударыңыз немесе араластырыңыз.

  • Ас әзірлегенге дейін, азық-түлікті толықтай ерітіңіз.

  • Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін дұрыс пайдаланыңыз.

Тамақ артық пісіп кетеді

Себебі

Ас әзірлеу параметрлері және әдістері дұрыс емес.

Шешімі
  • Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін өзгертіңіз.

Тамақ толық піспей қалады

Себебі

Ыдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.

Шешімі
  • Ыдыс-аяқтың микротолқынды пешке жарамды екенін тексеріңіз.

  • Ас әзірлегенге дейін, азық-түлікті толықтай ерітіңіз.

  • Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін өзгертіңіз.

  • Желдеткіш порттардың жабылып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Дұрыс ерітпейді

Себебі

Ыдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.

Шешімі
  • Ыдыс-аяқтың микротолқынды пешке жарамды екенін тексеріңіз.

  • Еріту уақытын немесе салмағын өзгертіңіз.

  • Еріту циклі барысында тамақты аударып немесе араластырып тұрыңыз.