Балалардың керек-жарақтармен ойнауына немесе құрылғының есігіне не басқа бір бөлігіне асылып тұруына болмайды.
Құрылғы комбинациялық режимде жұмыс істегенде, температураның жоғары болуына байланысты балалар құрылғыны тек ересектердің қадағалауымен қолдануы керек.
Құрылғының ішінде ештеңе жоқ болса, оны пайдалануға болмайды. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, микротолқынды энергияны өзіне сіңіріп алатын азық-түлік немесе су болуы керек.
Зақымдалған құрылғыны пайдаланбаңыз. Әсіресе құрылғының есігі мықтап жабылуы керек және оның мына бөліктерінде зақым болмауы керек: (1) есік (майысқан), (2) топсалары мен бекітпелері (сынған немесе босап кеткен), (3) есіктің тығыздауыштары және тығыздалған беттер. Олар зақымдалған болса, шамадан тыс микротолқынды энергия әсер етуі мүмкін.
Құрылғыны ішіндегі ылғалды құрғату үшін пайдалануға болмайды (мысалы, микротолқынды пешке су газетті, киімдерді, ойыншықтарды, электрлік құрылғыларды, үй жануарларын немесе баланы және т.б.). Олай еткен жағдайда, электрлік ток соғу нәтижесінде өрт шығуы, күйік шалуы немесе адам өлімі сияқты қауіп-қатер төнуі мүмкін.
Әрбір жұмыс режиміне сәйкес келетін керек-жарақты пайдаланыңыз. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде құрылғы және керек-жарақтар зақымдалуы мүмкін немесе ұшқын мен өрт шығуы ықтимал.