Гриль режимінде, конвекция режимінде және автоматты ас әзірлеу режимінде жұмыс істеп тұрғанда, құрылғыны (оның ішінде пештің есігін, сыртқы корпусын, артқы бөлігін, пештің қуысын, керек-жарақтарды және тамақты) ұстауға болмайды. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, қолжетімді беттердің температурасы тым жоғары болуы мүмкін. Қалың асүй қолғабын кимесеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін.
Құрылғының үстіне зат (кітап, қорап, су бөтелкесі, ваза т.б.) қоймаңыз. Құрылғы ысып кетуі, өрт шығуы немесе зат құлап кетіп, адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Есігі ашық тұрған құрылғыны пайдалануға болмайды. Ол шамадан тыс зиянды микротолқынды энергияның әсер етуіне себеп болады.
Ас әзірлеу уақытын дұрыс орнатыңыз. Тамақ кішкентай болса, орнатылатын уақыт та аз болуы керек. Шамадан тыс қыздырсаңыз, тамақ өртеніп кетуі мүмкін, нәтижесінде құрылғыңыз зақымдалады.
Қайта өңделген қағаз өнімдерін пайдаланбаңыз. Оларды тамақ әзірлеу кезінде пайдалансаңыз, құрамындағы заттардың кесірінен ұшқын немесе өрт шығуы мүмкін.
Ас әзірлеу нұсқаулығында солай жазылмаса, тамақты қағаз майлықтарға немесе газетке орап жылытпаңыз.
Ас әзірлеу үшін қағаз майлықтардың орнына газетті қолдануға болмайды.
Газеттерді немесе шүберектерді кептіру үшін құрылғыны пайдаланбаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
Қабығы аршылмаған жұмыртқаны пісірмеңіз. Қабығы аршылмаған және қайнаған жұмыртқаларды микротолқынды пеште жылытуға болмайды, себебі олар микротолқынды жылыту процесі аяқталғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаның ішіне қысым жиналып, жарылады.
Құрылғыда май шыжғыруға болмайды. Ол ыстық сұйықтықтың кенет қайнап кетуіне себеп болады.
Картоп, алма немесе кез келген жемісті немесе көкөністі пісірмес бұрын, бірнеше рет тесіп алыңыз. Олар да жарылуы мүмкін.
Түтін байқалса (немесе шықса) құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз және отты басу үшін есікті жабық ұстаңыз.
Попкорн өнімін өндіруші компания ұсынған нақты нұсқауларды орындаңыз.
Попкорн жасау үшін қоңыр қағаз қаптарды пайдалануға болмайды.
Жарылмай қалған қауыздарды итеріп жаруға тырыспаңыз.
Попкорн жасалып жатқанда, құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Ұсынылған уақыттан кейін попкорн жарылмаса, әрі қарай пайдаланбаңыз.
Шамадан тыс қыздырып жіберсеңіз, өрт шығуы мүмкін.
Штепсель тығынын қолжетімді ету немесе сым жүргізу ережелеріне сәйкес бекітілген сымда қосқышты орнату арқылы қуат қосылымын жасауға болады. Дұрыс емес тығынды немесе қосқышты пайдалансаңыз, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Ас әзірлеу барысында барлық ауа желдеткіштері таза болуы керек. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, желдеткіш саңылаулар бітеліп қалса, құрылғы қызып кетуі мүмкін.