Үсті > Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары > ЕСКЕРТУ > Қызмет көрсету

Қызмет көрсету

  • Ас әзірлеп бола салысымен, контейнерлерді, науаларды және сөрелерді дереу суға салып шаюға болмайды.

  • Тазаламас бұрын, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз және біраз уақыт суытыңыз.

  • Ас әзірлеп болған соң, тамақты және керек-жарақты алу үшін қолғап киіңіз, себебі пеш және керек-жарақтар қатты ысып кетуі мүмкін.

  • Айналмалы тәрелкені шығармас бұрын, біраз суытып алыңыз.

  • Құрылғының тығыздауыш беттерінде тамақтың немесе тазалағыш құралдың қалдықтары қылып қалмауын қадағалаңыз.

  • Құрылғының іші мен сыртын таза ұстаңыз.

Тазалау

Пештің іші-сыртын таза ұстаңыз. Ішкі есіктің панелінде және алдыңғы жақтауында тамақ немесе май қалдықтары жиналып қалмауын ерекше қадағалаңыз. Пешті апта сайын, қажет болса, одан да жиі тазалап тұрыңыз.

  • Абразивті тазалағыштар, болат талшықтарынан жасалған ысқыштар, қиыршықтасты шүберектер, кейбір қағаз майлықтар және т.с.с. заттар басқару панелін және пештің ішкі және сыртқы жағын зақымдауы мүмкін.

Ішін тазалау

Есіктің бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз және есік пен жақтаудың арасындағы ойықтарды сүртіп алыңыз. Май шашырандыларын сабынды шүберекпен сүртіп алып, шайып тастаңыз да, құрғатыңыз.

  • Әсіресе тауықты немесе беконды дайындағаннан кейін, май шашырандыларын дымқыл қағаз сүлгімен сүртіп алыңыз.

  • Пеш есігінің ішінде және сыртында бу жиналып қалса, панельдерді жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Сыртын тазалау

Пештің сыртын сабынды сумен тазалаңыз. Таза сумен шайып тастап, жұмсақ шүберекпен немесе қағаз сүлгімен сүртіңіз.

  • Пештің ішіндегі жұмыс істейтін бөліктерді зақымдап алмау үшін судың желдеткіш саңылауларға түсіп кетпеуін қадағалаңыз.

  • Есік және есік тығыздауыштары таза болуы керек. Тек жылы, сабынды суды пайдаланыңыз, шайып тастап, толығымен құрғатыңыз.

  • Металл бөліктерді дымқыл шүберекпен жиі сүртіп тұрыңыз.

Басқару панелін тазалау

Абайсызда іске қосылып кетпеуі үшін, пештің есігін ашып қойыңыз. Дымқыл шүберекпен, содан кейін дереу құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Тазалап болғаннан кейін ТОҚТАТУ немесе ТОҚТАТУ/ТАЗАЛАУ түймесін басыңыз.

Керек-жарақтарды тазалау

Әйнек науаны және айналмалы сақинаны жұмсақ әрі көпіршікті сумен жуыңыз. Қатты кірлеп кеткен жерлеріне сұйық жуғыш құрал және губка пайдаланыңыз. Пайдаланбас бұрын, толығымен кептіріңіз.

  • Әйнек науаны және айналмалы сақинаны ыдыс жуғыш машинамен жууға болады.