Үсті > Пайдалану > Мұз және су диспенсері > Мұз және су диспенсерін қолданар алдында

Мұз және су диспенсерін қолданар алдында

ЕСКЕРТУ
  • Балалардың диспенсермен ойнап, оны зақымдап алмауы үшін, балаларды диспенсерге жақындатпаңыз.

  • Мұздың бірінші азғантай топтамаларын шығарып алыңыз (шамамен 20 текше мұз және 7 стақан су). Бұл әрекетті құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған жағдайда да орындау қажет.

  • Егер су беру жүйесі 48 сағат ішінде пайдаланылмаса, оны тазартыңыз. Егер су 5 күн бойы ағызылмаса, су құбырына жалғанған су жүйесін шайыңыз.

  • Су беру жүйесін тазарту үшін, суды диспенсер арқылы шамамен 5 минут ағызып, алғашқы бірнеше мұз бөлігін пайдаланбаңыз.

  • Суды ағызу немесе мұзды алу кезінде жұқа кристалды шынаяқты немесе фарфор ыдысты пайдаланбаңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Су, мұз текшелері немесе ұсақ мұз құйылып жатқан кезде тоңазытқыш есігін ашқан жағдайда, құю кідіртіледі. Есікті жапқанда алдында таңдалған заттың құйылуы жалғасады.

  • Егер шыныаяқ тоғыны шағын болса, су стаканнан шашырай ағып кетуі мүмкін немесе оған мүлде құйылмауы мүмкін.

  • Суды, мұз текшелерін немесе ұсақ мұзды құйғанда диаметрі 68 мм-ден үлкен болатын тоғыны бар шынаяқты пайдаланыңыз.

  • Мұз дайындағыш кіші мұз текшелерін өндіргенде немесе мұз текшелері бір-біріне жабыса бастаса, су багындағы судың жеткіліксіз мөлшеріне байланысты мұз дайындағышына жеткізілген судың мөлшері аз болуы мүмкін. Мұз жиі пайдаланылмағанда немесе мұздатқыш тым жылы температураға орнадылғанда да текшелер бір-біріне жабысуы мүмкін.

  • Су сүзгісін ауыстырғаннан кейін сүтті/бұлтты судың ағуы қалыпты жағдай. Судағы бұл ауа ақырында тазарады және осы ауысу кезінде ішуге қауіпсіз болады.