Мұз дайындағышы қалыпты түрде мұзды құрылғының бастапқы орнатылуынан шамамен 48 сағат уақыт өткен соң жасайды.
Мұз науасы мұзбен толықтай толтырылған болса, мұз өндіру тоқтатылады.
Мұз науасын мұздың түсіп қалу дыбысы қалыпты болып табылады.
Мұз текшелері мұз науасында ұзақ уақыт бойы сақталса, олар бір-біріне жабысып қалады да, оларды бөлшектеу қиынға соғуы мүмкін. Ондай жағдайда мұз науасын босатып, жаңа мұз текшелерін жасап қойыңыз.
Су сүзгісін ауыстырғаннан кейін сүтті немесе бұлтты судың ағуы қалыпты жағдай. Судағы бұл ауа ақырында тазарады және осы ауысу кезінде ішуге қауіпсіз болады.
Құйылған алғашқы мұз бен суда сумен қамтамасыз ету желісінен немесе су багынан бөлшектер немесе иіс болуы мүмкін.
Түссіздендірілген мұз құйылған жағдайда, су багы мен сумен қамтамасыз ету желісіндегі ықтимал қайнар көзді тексеріңіз. Егер мәселе шешілмесе, LG Electronics тұтынушыларының ақпараттық орталығына хабарласыңыз. Мәселе шешілмегенше мұз не суды қолданбаңыз.
Мұздың шығатын жерін немесе автоматты мұз дайындағышты қолмен немесе құралмен ұстауға болмайды.
Стақанға су немесе басқа да сусын құймас бұрын, оған мұз салыңыз. Егер ішінде сұйықтығы бар стақанға мұз салатын болсаңыз, сұйықтық шашырауы мүмкін.
Өте жіңішке немесе терең стақан пайдаланбаңыз. Мұз өткелде кептеліп, құрылғының жұмысына әсер етуі мүмкін.
Стақанды мұз шығатын саңылаудан тиісті қашықтықта ұстаңыз. Стақан өте жақын болса, мұз берілмей қалуы мүмкін.
Егер демалысқа кететін болсаңыз немесе ұзақ уақыт бойы электр қуаты болмаса, мұз науасындағы мұзды шығарып тастаңыз. Еріген мұздың суы диспенсерден еденге тамшылауы мүмкін.
Саңылауы өте кішкентай контейнер төгілудің алдын алу үшін диспенсерге мүмкіндігінше жақын болуы керек.