Мұздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол қатып қалуға себеп болуы мүмкін.
Әйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе банкаларды (әсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз сақтау құтыларына салмаңыз.
Жабдық есігінің алдыңғы жағындағы қыздырып шыңдалған шыны зақымдалуы мүмкін. Сынып қалған жағдайда оған қолыңызды тигізбеңіз.
Құрылғы есігіне, сақтау бөлігіне, сөреге сүйкеніп тұрмаңыз немесе оған мінбеңіз.
Есік жәшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге арналған контейнерлерді сақтамаңыз.
Құрылғы есігін артық күшпен ашпаңыз немесе жаппаңыз.
Жабдықтың есігіндегі топса зақымдалса немесе дұрыс жұмыс істемесе, жабдықты пайдалануды тоқтатыңыз және өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Үй жануарларының қуат сымын немесе су шлангісін шайнап тастауына мүмкіндік бермеңіз.
Ешқашан мұздатқыштан алынған қатып тұрған тағамдарды дереу жемеңіз.
Жабдықтың есігін немесе есік ішіндегі есікті ашу және жабу кезінде қолды немесе аяқты қыстырып алмаңыз.