Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуді шақырмастан бұрын > Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

EAC — Еуразиялық сәйкестік белгісі

Еуразиялық сәйкестік белгісі (EAC) бұйымның Еуразиялық кеден одағы рәсімдерінің барлық техникалық регламенттеріне сәйкестігін көрсететін сертификаттау белгісі болып табылады.

Қаптау материалдары туралы ақпарат

Белгі Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Белгі қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Белгі сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

Шығарылған күні туралы ақпарат

Шығарылған күні бұйым корпусының түбіндегі заттаңбада көрсетілген.

Күн пішімі: АА/ЖЖЖЖ

LG клиенттерін қолдау қызметі

Құрылғыларымызды сертификаттау туралы ақпаратты, сертификат нөмірі мен оның жарамдылық мерзімі туралы деректерді LG клиенттерін қолдау қызметінен тегін телефондар арқылы ала аласыз.