LG webOS TV теледидарының Басты функциясын пайдалану
Басты экранына өту үшін, қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басыңыз.
Жиі пайдаланылған қолданбаларды бір терезеден көріп, қажетті функцияны орындай аласыз.

  1. Setting icon Параметрлер: Сурет/Дыбыс/Арасалмақ еселігі/Автосөндіру таймері/Ата-аналық құлыптау/Қосымша параметрлер реттеуге болады.
    Толығырақ реттеу туралы ақпаратты алу үшін Қосымша параметрлер опциясын таңдаңыз.
  2. Енгізулер: Басқа сигнал көздеріне ауысуға болады.
  3. Соңғы тізімді көрсетеді.
  4. Ең соңғы пайдаланылған функцияны орындауға болады.
  5. Теледидарға орнатылған барлық қолданбаларды басқара аласыз.
Соңғы тізімді пайдалану
Теледидардың соңғы пайдаланылған функцияларын орындауға болады.
Экранның төменгі сол жағындағы Recent button түймесін басыңыз.
Recent
Қолданбаны басқару
Теледидарға орнатылған қолданбалардың толық тізімін көріп, оларды пайдалана аласыз.
Сонымен қатар, қолданбаның орнын өзгертіп немесе оны өшіре аласыз.
My Apps
  1. Экранның төменгі оң жағындағы My App button түймесін басыңыз.
  2. Өзгертілетін қолданбаны жылжытып, қашықтан басқару құралындағы Up түймесін басыңыз.
    Бұл қолданбаны өңдеу режимін қосады.
  3. Қолданбаны керекті жерге жылжыту үшін, қашықтан басқару құралындағы Left / Right түймелерін басыңыз.
    Қолданбаның үстінде көрсетілген Close белгішесін таңдау арқылы өңдеп отырған қолданбаңызды өшіре аласыз.
  4. Өзгерту аяқталғанда, қолданбаны өзгерту режимінен шығу үшін, қашықтан басқару құралындағы Down немесе OK түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, Magic Remote құралының меңзерімен сүйреу арқылы да қолданбаны өзгертуге болады.
Егер берілмесе, Magic Remote басқару құралын сатып алуға болады.
Өңделмейтін қолданбалар да бар.
Ағымдағы функцияны тоқтату
  1. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басыңыз.
  2. Экранның жоғарғы сол жағында көрсетіліп тұрған қолданбаның атына жылжып бару үшін қашықтан басқару құралындағы Up / Down / Left / Right түймелерін қолданыңыз.
  3. Ағымдағы функциядан шығу үшін, қолданба атауының жанында көрсетілген Жабу белгішесін басыңыз.
Close app