Үсті > Пайдалану > Пайдаланбас бұрын > Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды толтыру

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды толтыру

Тұз диспенсерін жуу бағдарламасы басталғанға дейін толтырып қою керек. Тұз жеткіліксіз болған жағдайда дисплейде Тұз толтыру n белгішесі жанады, алайда кермектік деңгейі H0 ретінде орнатылған болса жанбайды.

ЕСКЕРТУ
  • Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды толтырған соң, «Шаю» циклін дереу қосу керек, бұл — ішкі науа айналасындағы тұз бен тұзды суды шайып тастап, коррозия пайда болуына жол бермейді.

  • Төменгі тартпаны шешіп алыңыз, одан кейін сүзгілердің сол жағында орналасқан тұз диспенсерінің қақпағын ашыңыз.

  • Егер суды жұмсарту жүйесін пайдаланатын болсаңыз, құрылғыны алғаш қолданарда ыдыс жуғыш машинаға арналған 1 кг тұз бен 1 литр суды бір уақытта құю қажет болады. Тұзды салғанда құйғыны пайдаланыңыз. Пайдалану алдында бөлімін қараңыз.

  • Қақпақты бекітіп жабыңыз.

  • Полоскание (Шаю) циклін ыдыс салмай іске қосыңыз.

Тұз толтыру циклі (әр жүктегенде 1 кг)

H1

H2

H3

H4

Циклдер

130

50

20

10

  • Кестеде Авто (Автоматты) бағдарламасы туралы ақпарат берілген.

  • Толтырылған тұз мөлшеріне байланысты цикл әрқалай болуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ
  • Тұз диспенсеріне ешқандай жуғыш зат құймаңыз. Бұл — ақаулық тудырады.

  • Тұз диспенсері қақпағының айналасына төгілген тұзды сүртіп алыңыз. Науаға түсетін тұз ерітіндісі коррозия тудырып, ыдыс жуғыш машинаға жүктеме түсіруі мүмкін.

  • Қақпақты көлденеңінен тура етіп қойыңыз, сағат тілі бағытымен бұрап мықтылап жабыңыз. Қақпақ бос жабылса, тұз диспенсерінен науаға тұз ерітіндісі ағып кетіп, коррозия пайда болуы мүмкін.

  • Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды толтырған соң, жуу бағдарламасын ыдыс салмай іске қосу керек, себебі құрылғы ішіне төгілген тұзды жуып тастамаса, оның кез келген мөлшері тот басуға не құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.