Үсті > Пайдалану > Ыдыс жуғыш машинаны жүктеу > Төменгі тартпаны жүктеу

Төменгі тартпаны жүктеу

Күнделікті қолданыстағы жүктеу

Төменгі тартпада тәрелкелер, сорпаға арналған тостағандар, табақтар, кәстрөлдер, табалар, қақпақтар, тіпті гриль табасын жууға болады.

Тәрелкелерді тігінен және тартпаның ортасына қаратып орналастыру керек, ал кәстрөлдер, табалар мен үлкен табақтарды төңкеріп салу керек.

Үлкен табақтарды салу ыңғайлы болу үшін тісшелердің алдыңғы қатарын жатқызып қоюға болады.

ЕСКЕРТУ
  • Бүріккіш біліктердің айналуына тым биік ыдыстар немесе себеттерден төмен қарай шығып тұрған заттар кедергі келтірмеу керек. Бүріккіш біліктерді қолмен айналдыру арқылы еркін қозғалатынын тексеріңіз.

Тартпа тісшелерін жатқызып қою

Үлкен ыдыстарды сыйғызу үшін тісшелерді жатқызып қойыңыз; кішірек ыдыстарды жуғанда тісшелерді қайта көтеріп қойыңыз.