Үсті > Пайдалану > Ыдыс жуғыш машинаны жүктеу > Биіктігі реттемелі жоғарғы тартпа

Биіктігі реттемелі жоғарғы тартпа

Ұзын аяқты бокалдар немесе биік ыдыстарды жууға салатын болсаңыз, жоғарғы тартпаның биіктігін реттеуге болады.

Орын босату үшін жоғарғы тартпаның биіктігін үш позицияда реттеуге болады.

Тартпаны төмен түсіру

Тартпа салмағын көтеру үшін екі жағының ортасынан ұстаңыз. Содан кейін екі жағындағы түймені басып, тартпаны босатыңыз, одан кейін төменгі позицияға түсіріңіз.

Тартпаны жоғары көтеру

Тартпаны екі жағының ортасынан ұстап, жоғарғы позицияға бекітілгенше көтеріңіз. Тартпаны көтеру үшін құлыптау тетіктерін көтеру қажет емес.

Жоғарғы тартпаның орналасуына байланысты тәрелке өлшемдері

Жоғарғы тартпа позициясы

Тәрелке өлшемі (мм)

Жоғарғы тартпа

Төменгі тартпа

асхана аспаптарына арналған тартпамен

асхана аспаптарына арналған тартпасыз

Жоғарғы

165

215

300

Ортаңғы

193

243

272

Түсіру

221

271

244

АБАЙЛАҢЫЗ
  • Реттемес бұрын тартпаны толық босатыңыз. Әйтпесе ыдыс-аяқ сынып не өзіңіз жарақаттануыңыз мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ
  • Жоғарғы тартпаны екі жағындағы түймелерін баспай көтеріңіз. Тартпаны көтергенде түймелерді бассаңыз, тарпа өз позициясына дұрыс бекітілмейді.

  • Тартпаны ортаңғы позицияға орнату үшін тіректі толығымен төмен түсіріп, одан кейін тартпаның әр жағын орнына түскенше жеке-жеке көтеру оңайырақ болады.

  • Жоғарғы тартпаны төменгі позицияға жылжытқанда бос орын 56 мм көбейеді.

  • Тартпалардың деңгейін реттегеннен кейін бүріккіш біліктер еркін айналатынына көз жеткізіңіз.

  • Жоғарғы тартпаны төменгі позицияға қойғанда оның төменгі бөлігі, соның ішінде бүріккіш білігі төменгі тарпадағы заттарға бөгет келтірмейтінін тексеріңіз.

  • Жоғарғы тарпа төменгі позицияда болғанда алдымен жоғарғы тартпаны, содан кейін төменгі тартпаны орнына итеріп салыңыз.

  • Шығарғанда алдымен төменгі тартпаны, содан кейін жоғарғы тартпаны суырыңыз.

  • Жоғарғы тарпа төменгі позицияда болғанда асхана аспаптарына арналған тартпасы бар модельдердегі ыдыстардың ықтимал биіктігі өзгеше болады.