Үсті > Пайдалану > Тазартқыш заттар қосу > Диспенсерге жуғыш зат салу

Диспенсерге жуғыш зат салу

  • Құрылғыны бірінші рет қосқанда диспенсерден заттаңбаны алып тастаңыз.

  • Жуғыш заттың қажетті мөлшері циклге, салынған ыдыс мөлшеріне және ыдыстың былғану деңгейіне байланысты болады.

  • Полоскание (Шаю) (шаю) циклінен басқа кез келген циклді іске қосу алдында жуғыш затқа арналған бөлімге жуғыш зат салыңыз.

  • Диспенсер қақпағын ашу үшін ондағы түймені басыңыз.

  • Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш затты негізгі жуу бөліміне деңгейі 15 және 25 деп белгіленген сызықтар арасында болғанша қосыңыз.

    • Су кермек және ыдыс қатты былғанған болса, жуғыш затты 25 деген сызыққа дейін толтырыңыз.

    • Су жұмсақ және ыдыс аздап былғанған болса, 15 деген сызыққа дейін толтырыңыз.

  • Жуғыш затқа арналған бөлім қақпағын шертпе дыбыс естіліп жабылғанша басыңыз.

  • Егер алдын ала жуу қажет болса, қақпақтағы алдын ала жууға арналған тереңірек бөлімге жуғыш зат толтырыңыз.

Бағдарлама

Жуғыш зат мөлшері

Негізгі жуу

(диспенсер)

Авто (Автоматты)

20 г

Интенсивный (Қарқынды)

20 г

Деликатный (Нәзік)

20 г

Освежить (Жаңарту)

-

Эко

22 г

Турбо

20 г

Моя программа (Циклді жүктеп алу)

20 г

Самоочистка (Машинаны тазалау)

20 г

Полоскание (Шаю)

-

Экспресс (Жылдам)

20 г

АБАЙЛАҢЫЗ
  • Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат пен шайғыш барлық тұрмыстық жуғыш заттар сияқты химиялық компоненттерден тұрады. Сондықтан оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

ЕСКЕРТУ
  • Тек ыдыс жуғыш машинаға жарайтын жуғыш заттарды қолданыңыз. Жарамсыз жуғыш затты қолдану салдарынан құрылғы жұмыс барысында көбікке толып кетуі мүмкін. Артық көбік жуу нәтижесін нашарлатып, құрылғыдан су ағуға әкелуі мүмкін.

  • Құрылғы зақымдалмау үшін, құрылғы есігін жапқанда диспенсерді жоғары қарай тартпаңыз.

  • Стандарттарға сәйкес жуғыш заттар мен шайғыштарды ғана қолданыңыз. Стандарттаудан өтпеген жуғыш зат не шайғыш пайдалансаңыз, құрылғының зақымдалу, коррозияға ұшырау қаупі бар немесе жуу және құрғату нәтижелері нашарлап не су ағып кетуі мүмкін.

  • Егер жуғыш зат шамадан артық қолданылса, көбік тым көп көпіруі мүмкін. Бұл — көбіктің ағып кетуіне және ыдыс жуғыш машинадағы ыдыс-аяқтың былғануына әкелуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ
  • Жуғыш зат мөлшері тым көп болса, ыдыс-аяқ пен науада қақ қалып, жуу нәтижесі нашарлауы мүмкін.

  • Жуу циклі аяқталғанда жуғыш заттың диспенсерден түгел шайылып кеткенін тексеріңіз.

  • Тұрмыстық техникаға арналған кейбір жуғыш таблеткалар өлшемінің үлкендігіне байланысты диспенсерде қыстырылып қалуы мүмкін. Таблеткаларды цикл басталмас бұрын жуу науасының түбіне сүзгінің жанына қоюға болады.

  • Құрылғыда ешқашан сұйық жуғыш зат қолданбаңыз.

  • Экспресс (Жылдам) циклімен жуғыш таблеткаларды қолданбаған дұрыс. Егер жуғыш таблеткалар қолданылатын болса, шаю температурасы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан ыдыс-аяқта жуғыш зат қалдықтары қалуы мүмкін.