Үсті > ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ > Тазалау және күту > Ішін тазалау

Ішін тазалау

Құрылғы ішін, бүріккіш біліктерді және сүзгілерді екі апта сайын тазалап отыру ұсынылады.

Құрылғының ішкі бөлігіндегі тамақ пен кір қалдықтарын кетіру үшін оны ара-тұра жұмсақ дымқыл шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз. Қатты немесе еріткіш негізіндегі химиялық заттарды қолдансаңыз, ішкі қабырғаларда ақ дақтар немесе тат пайда болуы мүмкін.

Жуу аяқталғанда құрылғы ішіндегі тар саңылауларға тамақ қалдықтары тұрып қалуы мүмкін. Тамақ қалдықтарын түгелдей сүртіп алыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған болсаңыз, Турбо немесе Самоочистка (Машинаны тазалау) бағдарламасын жуғыш зат қолданып іске қосу арқылы ішін жаңартып алыңыз. Цикл аяқталғанда құрылғының іші-сыртын ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ нұсқауларына сәйкес тазалаңыз.