Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > ЕСКЕРТУ > Пайдалану

Пайдалану

  • Егер құрылғыны ұзақ уақытқа, мысалы, демалыс уақытында қалдырып кететін болсаңыз, су кранын жауып, құрылғы ашасын розеткадан суырып қойыңыз.

  • Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.

  • Құрылғының беттерін сұйық жуғыш заттармен немесе ағартқышпен (хлорлы ағартқыш, оттекті ағартқыш, т. б.) сүртпеңіз және оларды жақпаңыз. Бұл нұсқауларды орындамау салдарынан бұйым жабыны коррозияға ұшырап не түссізденуі мүмкін.

  • Машинадан аққан суға тимеңіз, себебі ол ыстық болуы мүмкін.

  • Егер ағызу шлангісі мен су беру шлангісі қыста қатып қалса, пайдаланбас бұрын мұздан ерітіп алыңыз.

  • Құрылғының астына немесе артына қолыңызды, аяғыңызды немесе металл заттарды қоймаңыз.

  • Массаж салонында, тері күтіміне арналған дүкенде, сұлулық салонында немесе шаштаразда қолданылатын май, крем не лосьон сияқты химиялық өнімдермен былғанған ыдыстарды жууға болмайды.