Келесі негізгі опцияларды пайдаланып бағдарламаларды теңшеуге болады:
Бұл опцияны қатты ластанған киімдерді жуу барысында пайдаланған дұрыс.
Қуат түймесін басыңыз.
Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.
Қажет болса, Предв. (Алдын ала жуу) түймесін басыңыз.
Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.
Көрсетілген уақыт аралығынан кейін құрылғыны автоматты түрде іске қосып, аяқтайтындай етіп, осы функцияны орната аласыз.
Қуат түймесін басыңыз.
Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.
Қажет болса, Режим таймера (Соңын кідірту) түймесін басыңыз.
Бастау/Кідірту түймесін басыңыз.
Режим таймера (Соңын кідірту) түймесінің жарық диодынан басқа, басқару тақтасындағы барлық жарық диодтары 20 минут ішінде өшіріледі. Бұл функция сатып алынған үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Кідірту уақыты – бағдарламаның басталуына дейінгі емес, аяқталуына дейінгі уақыт. Нақты жұмыс істеу уақыты су температурасына, киімге және басқа факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Функциядан бас тарту үшін Қуат түймесі басылуы қажет.
Бұл функцияға сұйық жуғыш затты пайдаланбаңыз.