Үсті > Пайдалану > Өнім мүмкіндіктері > Іші

Іші

*1

Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.

  1. ЖШД шамы

    Құрылғының ішіндегі ЖШД шамдары есік ашылған кезде жанады.

  2. Тоңазытқыш сөресі

    Салқындатылған тағамдар мен балғын тағамдарды сақтайды.

    • Ылғалдылығы қатты тағамдарды сөренің алдыңғы жағында сақтайды.

    • Сөре биіктігін басқа биіктіктегі ойыққа енгізу арқылы баптауға болады.

    • Сөрелердің нақты саны үлгісіне байланысты өзгеріп отырады.

  3. Бөтелке сөресі*1

    Контейнерлер мен биік бөтелкелерді бөтелке сөресінде сақтайды.

    ЕСКЕРТУ
    • Бөтелке сөресінде қысқа бөтелкелерді сақтамаңыз. Заттар құлап, жарақаттануға немесе құрылғының зақымдануына себеп болуы мүмкін.

  4. Жиналмалы сөре*1

    Жеке қажеттіліктерге сай реттеуге болады.

  5. Бөтелке сөресі*1

    Контейнерлер мен биік бөтелкелерді бөтелке сөресінде сақтайды.

  6. Fresh Balancer*1

    Жемістер мен көкөністерді балғын күйде сақтайды.

  7. Fresh Converter*1

    Салқындату бөлімі ретінде бұл жерде ет, балық және көкөністер сақталады.

    • Қосымша орын босату үшін, салқындату аймағын салқындату бөлімінің тартпасынсыз пайдалануға болады.

  8. Жылжымалы жұмыртқа науасы*1

    Жұмыртқаны сақтау үшін пайдаланылады.

    • Бұл жұмыртқа науасын тоңазытқыштың жоғарғы сөресінен немесе көкөніс тартпасынан басқа қалаған күйге ауыстыра аласыз.

  9. Тоңазытқыш есігіндегі жәшік

    Тоңазытылған тағамдар, сусындар мен тұздықтар контейнерлерінің кішкентай бумалары сақталатын орын.

  10. Мұз науасы

    Бұл жерде мұз қолмен дайындалады.

    • Қосымша орын босату үшін, мұз науасын немесе мұз текшелерінің шелегін алып тастаңыз.

  11. Мұздатқыш тартпасы

    Ұзақ уақыт бойы сақталуы тиіс тамақты сақтауға арналған.