Камераны немесе смартфондағы QR кодын оқу құралын пайдаланып өнімге тіркелген QR кодын сканерлеңіз.
Google Play Store дүкенінен немесе Apple App Store дүкенінен смартфонға LG ThinQ қолданбасын тауып, орнатыңыз.
LG ThinQ қолданбасын іске қосыңыз және бұрыннан бар тіркелгімен кіріңіз немесе кіру үшін LG тіркелгісін жасаңыз.
LG құрылғысын қосу үшін LG ThinQ қолданбасындағы қосу (~) түймесін басыңыз. Процесті аяқтау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Wi-Fi байланысын тексеру үшін басқару панеліндегі Wi-Fi индикаторы жанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.
Құрылғы пен сымсыз роутер арасы тым алыс болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді. Қосылуға көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.
Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі ақаулыққа байланысты, жабдықты қосу мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір минуттай күтіңіз.
Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайтадан қосыңыз.
Wi-Fi функциясын өшіру үшін Wi-Fi түймесін 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Wi-Fi көрсеткіші өшеді.
Құрылғыны қайта қосу немесе басқа пайдаланушыны қосу мақсатында уақытша өшіру үшін, Wi-Fi түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Құрылғыны қосу үшін, LG ThinQ қолданбасын іске қосып, қолданбада берілген нұсқауларды орындаңыз.