Құрылғының сыртқы ауа желдеткіштерін шаңсорғышпен тазалаған кезде, электрондық бөліктеріне зақым келтіретін немесе электр тоғы соғу қаупін туғызатын статикалық зарядтың алдын алу үшін қуат сымын тоқтан ажырату керек. Құрылғының сенімді және үнемді жұмыс істеу күйін сақтау үшін артқы және бүйірлік желдету жабындарын жүйелі түрде тазалап тұру ұсынылады.
Жабдықтың сартқы жағындағы ауа желдеткіштерін таза ұстаңыз. Ауа желдеткіштері бұғатталуы нәтижесінде өрттің шығуына немесе жабдықтың зақымдалуына әкеледі.
Жабдықтың сырт жағы үшін таза губка немесе жұмсақ шүберек пен жылы судағы жұмсақ химиялық тазартқыш құралды пайдаланыңыз. Жыратын немесе өткір тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатып сүртіңіз. Тот баспайтын болаттан жасалған есіктерді тазалаған кезде лас шүберектерді пайдаланбаңыз. Арнайы шүберекті пайдаланып, сол бағытта текстурасы бойынша сүтіңіз. Бұл беттегі ластанулар мен түссізденулерді азайтуға көмектеседі.