Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын > Конденсат және қырау

Конденсат және қырау

Құрылғының ішінде немесе көкөністер тарпасы қақпағының төменгі жағында конденсация бар.

Себебі

Сіз ыстық тамақ өнімдерін тоңазытқышқа алдын ала салқындатусыз салдыңыз ба?

Шешімі
  • Ыстық тағамды тоңазытқыш немесе мұздатқыш ішіне салмас бұрын алдымен суытып алыңыз.

Себебі

Құрылғы есігін ашық қалдырдыңыз ба?

Шешімі
  • Құрылғы есігі жабылған соң конденсация да жоғалса да оны құрғақ шүберекпен сүртіп алуға болады.

Себебі

Құрылғы есігін тым жиі ашасыз ба?

Шешімі
  • Сырттағы температураның өзгешелігіне байланысты конденсация түзілуі мүмкін. Дымқыл жерді құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз және есіктерін жиі аша бермеңіз.

Себебі

Контейнерге салмай ішіне жылы немесе ылғал тағам салдыңыз ба?

Шешімі
  • Тағамды қапталған немесе тығыздалған контейнерде сақтаңыз.

Тоңазытқышта мұз қатып қалған.

Себебі

Есіктерінің дұрыс жабылмаған болуы мүмкін.

Шешімі
  • Құрылғының ішкі жағындағы тағамдардың есікке тіреліп тұрмағанын және есіктің мықтап жабылғанын тексеріңіз.

Себебі

Сіз ыстық тамақ өнімдерін тоңазытқышқа алдын ала салқындатусыз салдыңыз ба?

Шешімі
  • Тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа салмас бұрын, алдымен ыстық тағамды салқындатып алыңыз.

Себебі

Мұздатқыштың ауа кірісі немесе шығысы бітелген бе?

Шешімі
  • Ауа ішінде айнала алатындай ауа кіретін немесе шығатын жерлері бітелмегенін тексеріңіз.

Себебі

Мұздатқыш шамадан тыс толтырылған ба?

Шешімі
  • Бөліктері арасында сәйкес бос орынды қалдырыңыз.

Қату немесе конденсация құрылғының ішінде немесе сыртында түзіледі.

Себебі

Құрылғы есігін жиі ашып-жабасыз ба немесе құрылғы есігі дұрыс жабылмаған ба?

Шешімі
  • Сырттағы ауа жабдықтың ішіне кірген жағдайда қырау немесе конденсат түзілуі мүмкін. Есіктерін жиі аша бермеңіз.

Себебі

Орнататын орын ылғал ма?

Шешімі
  • Орнату аймағы тым ылғал болса немесе жаңбырлы күн сияқты ылғал күн туындаса, құрылғының сыртқы жағында конденсация пайда болуы мүмкін. Кез келген ылғалды құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.

Құрылғының бүйірі немесе алдыңғы жағы жылы.

Себебі

Есік аймағы айналасынан конденсацияның түзілуін азайту үшін құрылғының осы аймақтарында конденсацияға қарсы түтіктер болады.

Шешімі
  • Конденсация түзілуінің алдын алу үшін жылуды шығару түтігі құрылғының алдыңғы жағына және бүйіріне орнатылады. Жаз кезінде немесе құрылғы орнатылған соң оның өте ыстық болып сезілуі мүмкін. Бұл ақаулық еместігіне және қалыпты жұмысы екендігіне сенімді болуыңызға болады.

Құрылғының ішінде немесе сыртында су бар.

Себебі

Құрылғының айналасына су аққан ба?

Шешімі
  • Судың шұңғылшадан немесе басқа орыннан ағып кеткенін тексеріңіз.

Себебі

Құрылғының төменгі жағында су бар ма?

Шешімі
  • Судың қатқан еріген тағамнан немесе сынған не төгілген контейнерден ағатынын тексеріңіз.