Үсті > Пайдалану > Өнім мүмкіндіктері > Іші

Іші

*1

Осы мүмкіндік кейбір модельдерде ғана бар.

  1. Басқару панелі

    Тоңазытқыш температурасын және мұздатқыш температурасын орнатады.

  2. ЖШД шамы*1

    Тоңазытқыштың ішіндегі ЖШД шамдары есік ашылған кезде жанады.

  3. Ауа сүзгісі*1

    Тоңазытқыш бөлімдегі жағымсыз иісті жояды.

  4. Тоңазытқыш есігіндегі жәшік

    Тоңазытылған тағамдар, сусындар мен тұздықтар контейнерлерінің кішкентай бумалары сақталатын орын.

  5. Есік бөлгіші

    Тоңазытқыштағы салқын ауаның сыртқа шығуына жол бермейді.

    ЕСКЕРТУ
    • Есікке сызат түсу немесе есіктің ортасындағы бөлгішінің бұзылу қаупін азайту үшін, әрдайым тоңазытқыш есігінің бөлгіші жиналғанына көз жеткізіңіз.

  6. Тоңазытқыш сөресі

    Салқындатылған тағамдар мен балғын тағамдарды сақтайды.

    Ылғалдылығы қатты тағамдарды сөренің алдыңғы жағында сақтайды.

    Сөре биіктігін басқа биіктіктегі ойыққа енгізу арқылы баптауға болады.

  7. Жиналмалы сөре*1

    Жеке қажеттіліктерге сай реттеуге болады.

  8. Төменгі сөре

    1 кг-нан асатын тамақ ыдыстарын сақтау үшін, оны төменгі сөреге қойыңыз.

  9. Тоңазытқыш тартпасы

    Жемістер мен көкөністерді балғын күйде сақтайды.

  10. Мұз генераторы*1

    Осы жерде мұз жасалып, сақталады.

    ЕСКЕРТПЕ
    • Мұз генераторының орны модельге байланысты өзгеруі мүмкін.

  11. Мұздатқыш есігіндегі себет*1

    Мұздатылған тамақтың кіші пакеттерін сақтайды. Ұзақ уақыт бойы сақталатын балмұздақ немесе тамақты сақтамаңыз.

  12. Мұздатқыш науа

    Ұсақ мұздатылған тағамдарды немесе жиі қолданылатын тағамдарды сақтайды. Жылжымалы табақшалар қол жетімділік пен қолдануға ыңғайлы.

  13. Мұздатқыш тартпасы

    Ұзақ уақыт бойы сақталуы тиіс тамақты сақтауға арналған.

  14. ЖШД шамы*1

    Тоңазытқыштың төменгі жағындағы ЖШД шамы мұздатқыш есігі ашылған кезде жанады.

  15. Қосымша орын

    Ірімшік және ветчина сияқты кішігірім тамақ өнімдерін сақтайды.

  16. ЖШД шамы*1

    Тоңазытқыштың ішіндегі ЖШД шамдары есік ашылған кезде жанады.