Сатып алған модельге байланысты бұл функция өзгеріп отыруы мүмкін.
Сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай көтеріңкіреп, сөрені тік көтеріңіз.
Сөрені тартып шығарыңыз.
Қайта орнату үшін сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай еңкейтіп, ілмектерін қажетті биіктіктегі ұяшықтарға абайлап бағыттаңыз.
Алдымен сол жақта орналасатын сөрені құрастырыңыз.
Дәл солай қалған сөрені оң жаққа орнатыңыз.
Сол жақ сөрені жоғары көтеріп, ал оң жақ сөрені басып, екі сөренің де бір тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
Әйнектен жасалған сөрелер ауыр болады. Оларды алған кезде ерекше мұқият болыңыз.
Әйнектен жасалған сөрелер суық болса, оларды жылы сумен тазалауға болмайды. Сөрелер температураның күрт өзгеруіне немесе соққыға байланысты сынып кетуі мүмкін.