3D кескіндерді көру үшін
3D кескін — сол және оң көздегі көру айырмашылығын пайдаланып, теледидардағы кескіндерді нақты өмірдегі 3 өлшемді кеңістіктегідей ететін технология.
- 3D кескін тақырыбын ойнатыңыз немесе 3D бағдарламасына ауысыңыз.
- 3D көзілдірікті қосып, киіңіз.
- 3D кескінге ауысу үшін
түймесін басыңыз. - 3D кескінді көруді аяқтау үшін 3D кескіндерді көріп жатқанда қашықтан басқару құралында
түймесін басыңыз.
Кіріс сигналына байланысты қол жетімді 3D түрі басқаша болуы мүмкін.
3D кескіндерінің егжей-тегжейлерін реттеу
Параметрлер СУРЕТ 3D параметрлері
3D кескіндердің әр түрлі аспектілерін реттейді.
| 3D режимі | Тиісті 3D тереңдігін қамтамасыз етеді.
|
| 3D дыбысын көбейту | 3D-оңтайландырылған дыбысты қамтамасыз етеді. |
| 3D үлгісін тану | Бастапқы экранның үлгісін талдау арқылы 3D экранына автоматты түрде түрлендіреді. |
| Қалыпты кескінді көру | 3D әсері жойылып, 2D кескіні қалады. |
| 3D кескінін түзету | 3D бейненің сол/оң кескіндерін ауыстырады. |
| 3D шебері | [Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде қол жетімді.] 3D режимін 3D шебері мәзірімен оңтайландырады. |
3D кескіндерді көргенде - ескерту
3D кескіндерді көргенде, көрушінің экранның диагональ ұзындығынан кемінде екі есе көп қашықтықты сақтауы ұсынылады.
Егер осы ТД қолдау көрсетпейтін болашақ 3D тарату пішімі стандартқа айналса, сандық тіреуіш сияқты қосымша құрылғыны талап ете аласыз.
3D көзілдірігін қолдану туралы ескерту
Түзететін, күнге қарсы немесе қорғаныс көзілдіріктің орнына 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D көзілдірігін дұрыс пайдаланбау көздің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
3D көзілдірігін қатты суық не ыстық орындарда сақтамаңыз. Шамадан тыс жоғары немесе төмен температуралардың әсерінен линзалар деформациялануы мүмкін. Зақымданған көзілдірікті пайдаланбаңыз.
3D көзілдірікке қысым қолданбаңыз немесе оларға ешбір соққы әсерін тигізбеңіз. 3D көзілдірік абайлап пайдаланбаса зақымдалуы мүмкін.
3D көзілдірігіндегі (поляризациялау таспасы бар) линзаларға сызат түсуі мүмкін. Тазалау үшін тек жұмсақ және таза шүберекті пайдаланыңыз. Лас шүберек поляризациялау таспасына сызат түсіруі мүмкін.
3D көзілдірік линзасының бетіне үшкір заттармен сызат түсіріп алмаңыз немесе оны химикаттармен тазаламаңыз. Егер линза бетіне сызат түссе, 3D кескіндерді дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.