Теледидардың ішкі динамиктерімен дыбыс шығару
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыІшкі ТД үндеткіші
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктерінен шығады.
Бұл мүмкіндік қондырылған теледидар үндеткіштері бар үлгілерде ғана жұмыс істейді.
Сандық оптикалық портқа немесе HDMI (ARC) портына жалғанған сыртқы аудио құрылғы арқылы дыбыс шығару
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыДыбыс шығысы (Оптикалық/HDMI ARC)
Сандық оптикалық портқа немесе HDMI (ARC) портына жалғанған сыртқы аудио құрылғы арқылы теледидар дыбысы шығады. SIMPLINK функциясын қосып, HDMI (ARC) арқылы ойнатыңыз.
Егер SIMPLINK қосылып тұрған кезде Өшірулі функциясы таңдалса, дыбысты үзіліссіз шығару үшін дыбыс шығару параметрлерінің әдепкі мәндері қалпына келеді.
Сандық дыбыс шығару параметрлерін реттеу
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыДыбыс шығысы (Оптикалық/HDMI ARC)Сандық дыбыс шығысы
Сандық дыбыс шығысы параметрлерін реттеуге болады.
Сыртқы аудио құрылғы (сандық оптикалық немесе HDMI ARC)/теледидардың ішкі динамиктері мен сыртқы аудио құрылғы (сандық оптикалық) таңдалғанда ғана бұл параметрлер қолжетімді болады.
Сандық кіріс Сандық дыбыс шығысы
Авто MPEG PCM
Dolby Digital Dolby Digital
Dolby Digital Plus Dolby Digital
HE-AAC Dolby Digital
DTS DTS / PCM
DTS Express PCM
DTS-HD MA PCM / DTS
PCM Бәрі PCM
LG Sound Sync (Оптикалық) мүмкіндігін қолдайтын дыбыстық құрылғыны қосу және пайдалану
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыLG Sound Sync (Оптикалық)
Жоғары сапалы және аса қолайлы теледидар дыбысын тыңдау үшін LG Sound Sync (Оптикалық) мүмкіндігін қолдайтын дыбыстық құрылғыны оптикалық сандық дыбыс шығысының портына қосуыңызға болады.
Тек оптикалық сандық порты бар үлгілер үшін қолданылады.
Теледидардың қашықтан басқару құралын пайдаланып, қосылған құрылғының дыбыс деңгейін реттеуге болады.
Дыбыстық құрылғыны сымсыз қосу және пайдалану
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыLG Sound Sync/Bluetooth
Теледидар дыбысын сапалы және жақсы күйде тыңдай алу үшін Bluetooth аудио құрылғысын немесе Bluetooth гарнитурасын сымсыз түрде қосыңыз.
Егер дыбыс жолағы LG Sound Sync мүмкіндігіне қолдау көрсететін құрылғыға қосылса, бұл мүмкіндік автоматты түрде құрылғыға қосылады.
Кейбір құрылғыларда теледидар іске қосылған кезде осы мүмкіндік автоматты түрде соңғы қосылған құрылғыға қосылады.
LG Sound Sync мүмкіндігіне қолдау көрсететін LG аудио құрылғысын LG TV немесе LG Sound Sync режимімен қосу ұсынылады.
Бұл опция кейбір модельдерде ғана қол жетімді.
Қосылған құрылғыларды немесе қосылуға болатын құрылғыларды олардың кез келген біреуіне қосылу мақсатында қарау үшін Құрылғыны таңдау түймесін басыңыз.
Теледидардың қашықтан басқару құралын пайдаланып, қосылған құрылғының дыбыс деңгейін реттеуге болады.
Егер құрылғы қосылмаса, қосылатын құрылғының қуатын тексеріңіз және дыбыстық құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Bluetooth құрылғысының түріне байланысты құрылғы дұрыс қосылмауы немесе синхрондалмаған бейне және дыбыс сияқты келеңсіз әрекет орын алуы мүмкін.
Келесі жағдайларда дыбыс кідіруі немесе дыбыс сапасы төмендеуі мүмкін:
  • Bluetooth құрылғысы теледидардан тым алыс;
  • Bluetooth құрылғысы мен теледидар арасында кедергілер бар немесе
  • қысқа толқынды пеш немесе сымсыз жергілікті желі сияқты радио жабдығымен бірге пайдаланылған.
Дыбыс шығысы (Желі шығысы) / Сымды құлаққаптар функциясын қолдану
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыДыбыс шығысы (Желі шығысы) / Сымды құлаққаптар
Қосылған құрылғыға сәйкес дыбыс шығаруды оңтайландыру үшін Сымды құлаққаптар не Дыбыс шығысы (Желі шығысы) опциясын таңдаңыз.
Кейбір модельдерде тек Сымды құлаққаптар функциясын ғана қолданылуы мүмкін.
Теледидар қосылып тұрғанда сымды құлақаспапты қоссаңыз, ол сымды құлақаспапты автоматты түрде анықтайды және олардан дыбыс шығарады.
Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде немесе кейбір елдерде қол жетімді.
Теледидардың ішкі динамиктері мен сыртқы аудио құрылғы арқылы бір уақытта дыбыс шығару
Дыбысты бірнеше құрылғыдан бір уақытта шығаруға болады.
Бұл мүмкіндік қондырылған теледидар үндеткіштері бар үлгілерде ғана жұмыс істейді.
Ішкі ТД үндеткіш + Сымды құлаққаптар функциясын қолдану
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыІшкі ТД үндеткіш + Сымды құлаққаптар
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктері мен Сымды құлаққаптар арқылы бір уақытта шығады.
Теледидар қосылып тұрғанда сымды құлақаспапты қоссаңыз, ол сымды құлақаспапты автоматты түрде анықтайды және олардан дыбыс шығарады.
Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде немесе кейбір елдерде қол жетімді.
Ішкі ТД үндеткіш + Дыбыс шығысы (Оптикалық) функциясын қолдану
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыІшкі ТД үндеткіш + Дыбыс шығысы (Оптикалық)
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктері және сандық оптикалық дыбыс шығару портына қосылған аудио құрылғы арқылы бір уақытта шығады.
Дыбысты ТД үндеткіш тақтасыарқылы ойнату
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыТД үндеткіш тақтасы
Дыбысты теледидардың дыбыс панелінің көмегімен ойнатуға болады.
Бұл мүмкіндік тек теледидардың дыбыс панелі қолданылатын үлгілерде ғана жұмыс істейді.
Дыбысты ТД үндеткіш тақтасы + Сымды құлаққаптар
HOME button on the remote controlSetting iconAll Settings iconДыбысДыбыс шығысыТД үндеткіш тақтасы + Сымды құлаққаптар
Дыбысты теледидардың дыбыс панелі мен Сымды құлаққаптар арқылы қатар ойнатуға болады.
Бұл мүмкіндік тек теледидардың дыбыс панелі қолданылатын үлгілерде ғана жұмыс істейді.